Өлең, жыр, ақындар

Қара дауыл

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 518
Жеткенде қара дауыл азынаған
Шошыды үрейлі күй сазына жан.
Суық жел - мың найзалы, бет күйдірер,
Тәңірге болды қандай жазығы адам?
Бар әлем үш күн, үш түн астан-кестен,
Пенденің жайы нешік бастан кешкен?
Жандыны, жансызды да үрей басқан,
Тек қана қос жартас тұр "саспан дескен".
Қазылып өлі, тірі тамырлары,
(Тапсырған табиғатқа тағын бәрі).
Бәйтерек байғұс жандай жалбаңдайды,
Білмеймін — қағынғаны, табынғаны.
Жаратқан — ез ғаламын жалмағандай,
Бір белгі тіршіліктен қалмағандай.
Аң қайда, құсы, жаны, құмырсқасы —
Сыяды бұл құбылыс заңға қандай?
Жеткенде өкініш зар сазы маған —
Дегендей "кеттің неғып азып адам?".
Тазалап қоқысынан жатыр ма екен?
Кетер деп иістеніп тағы заман.
Ойланбай сезімді жан көз ілген бе?
Апырым-ай, көпте неге, сезім кенде?
Басылды қара дауыл ақырында,
Ақ нұр боп, Тәңір жасы төгілгенде.
Тазарып қалар ма екен жан сарайың,
Күйзеліп анда-санда егіл пенде.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Адамның бәрі адам, бәрі адам

  • 0
  • 0

Адамның бәрі адам, бәрі адам:
Жасы да, ақылдысы, кәрі, надан.
Батыр да – аямайтын қасық қанын,
Қорқақ та – қастер тұтар пасық жанын.

Толық

Тау бұлағы

  • 0
  • 0

Моп-момақан қарасаң келбетіне,
Күз өткен соң есейіп, ержете ме?
Ұйқылы-ояу жатқаны тау еркесі
Ақ бесікте, бал-бөбек, тербетіле.

Толық

Обал-ай, бәрі алданды

  • 0
  • 0

Бақыттан сезіп тапшылық
Пенденің бәрі — арманды.
Тағдырдан күтіп жақсылық —
Обал-ай, бәрі алдады.

Толық

Қарап көріңіз