Өлең, жыр, ақындар

Жүзінші тілек

  • 05.06.2022
  • 0
  • 0
  • 347
Отырмыз біз ет пісірім қозғалмай
Жұқа жүйке, жұқа жерлер тозғандай.
Бұлақ болып ағып жатыр шарабы,
Желдей ескен, оңды-солды сөз қандай.
Жас жұбайлар, ал сол үшін — ішелік!
Ата-анасы,ол үшін де — ішелік!
Былтыр өлген әкесіне — ішелік!
Бөбек болар ілгеріде — ішелік!
Бастық болсын болашақта — ішелік!
Ден саулығы, сол үшін де — ішелік!
Ақ жаулығы, сол үшін де — ішелік!
Оң саулығы, оған да бір — ішелік!
Ерте кезек тигендері жайдары,
Кезек күткен ойға кетіп қайдағы.
Сөз бермесең — арын төктің, сорлының,
Адам қоры, қотыр түйе тайлағы.
Мен санадым тоқсан тоғыз "ішелік"
Ішкен сайын кейбіріне күш еніп.
Ал біреуі үш ұмтылып тұра алмай,
Тырбаңдайды, байғұс, шындап күшеніп.
Жүзінші боп мен де тұрдым орнымнан,
Ішкіштерге бір әдемі тор құрғам.
Ішпесең де ұстап тұр деп бергенін,
Алмай қойдым, әз тілекті қор қылман.
Ұмытпадым беріктігін елімнің,
Мақтан еттім көрік-нұрын келіннің.
Қонақ, сірә, ырысымен демей ме,
Құтты қонақ қабылдасын төрің мың.
Тағы айтылды ойға сонда түскендер
Сөз қорлайсың, тыңдамайды ішкендер.
Ең соңында: "Ей халайық! — дедім мен,
Осы тілек үшін бірақ ішпеңдер!".

Ақтау. 27.10.1993 ж.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сексен дүре

  • 0
  • 0

Елге, не ер — қажет пе жауыр төзім?
Сыйлай ма ол кісіге тәуір сезім.
Жауы түгіл шешендер бауырының
Көтермейді бір ауыз ауыр сөзін.

Толық

Мән мен сән

  • 0
  • 0

Гүл-гүл ерін... бал жұқтыра өпкенде —
Сол ерінге қалса жігіт боп пенде.
Тіршіліктің мәні, сәні — бір қыз боп,
Жүрегіңе нұр құйылып кеткенде.

Толық

Жанарлы көздің әсері

  • 0
  • 0

Жүрегімді жылы сезім орар кез,
Жарқылынан найзағайдың болар тез.
Тек сол үшін саған арнап нұр шашқан,
Керек жанар, жанға ҽсерлі марал-кәз.

Толық

Қарап көріңіз