Өлең, жыр, ақындар

Бақыт түні

  • 19.03.2020
  • 0
  • 0
  • 731
Есіңде ме, ал менің есімде әлі,
Бақыт түні, айлы аспан кешіндегі.
Жалғыз ауыз сөзіңнен “сүйем” деген,
Асыл арман аңсаған шешілгені.
Айлы түн кешіндегі,
Өмірлік есімдегі.
Ынтазар қылды өзіне
Қос алма төсіңдегі.
Ұмыттың ба, мен бірақ ұмытпаппын,
Ерініңнен аты асқақ үміт таптым.
Арманыма – мөп-мөлдір өз жаныңдай
Жүрегіңнен бір моншақ үзіп тақтың.
Бір моншақ үзіп тақтың,
Сезімге жүзіп бақтым.
Бал дәмін аңсай берем
Ғажайып қызық шақтың.
Кешіргейсің ойнасам тұлым тартып,
Сүйе білдім, өзіңді, сезім сарқып.
Жүрегімде әдемі қызғаныш бар,
Көресің-ау менен де ұлымды артық.
Бақытқа жүздім шалқып,
Сүйдім ғой сезім сарқып.
Көресің жаным қалай
Өзімнен ұлымды артық.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мезгілдер

  • 0
  • 0

Жастық — жалын, тау-құз селі, одан тұнық іздеме,
Қарттық — сабыр, беті тыныш, асты лай бірдеңе.
Жастық — дауыл, желкенсіздер жете алмас жағаға,
Қарттық - шалқар, айдыныңда қатар жүзер жүз кеме.

Толық

Адамның бәрі адам, бәрі адам

  • 0
  • 0

Адамның бәрі адам, бәрі адам:
Жасы да, ақылдысы, кәрі, надан.
Батыр да – аямайтын қасық қанын,
Қорқақ та – қастер тұтар пасық жанын.

Толық

Ей, адамдар, Абыл ата ұрпағы!

  • 0
  • 0

Адам ата алғаш қадам басқалы,
Меншігінде Күні де, Жер, Аспаны.
Содан бері ізгілік пен жауыздық,
Өз таңбасын тарих қып тастады.

Толық

Қарап көріңіз