Өлең, жыр, ақындар

Мезгілдер

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 666
Жастық — жалын, тау-құз селі, одан тұнық іздеме,
Қарттық — сабыр, беті тыныш, асты лай бірдеңе.
Жастық — дауыл, желкенсіздер жете алмас жағаға,
Қарттық - шалқар, айдыныңда қатар жүзер жүз кеме.
Мезгіл — дана, ұлғартады күннен-күнге санаңды,
Мезгіл — жаза, ойға батсаң ала берер мазаңды.
Жастық — жаның, алып-ұшып Жерден Көкке сұранған,
Қарттық — тәнің, мезгіл — жендет, тарттырады сазанды.
Қарттық — әке, жас ұрпаққа тілек тілеп жүрсем деп,
Жастық — бала, қиял тірлік, бар әлемді көркемдеп.
Қарттық қанша сөккенменен жігерсіз деп жастықты,
Жылдан жылға бара жатыр Әлем ғажап өркендеп.

Ақтау, 26.03.04 ж.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бойжеткен арманы

  • 0
  • 0

Қандай тәтті бойжеткеннің арманы,
Елестеткен бар өмірін алдағы.
"Қиял отау" кіріп алсаң шыққысыз,
Тіршіліктің зіл салмағы алда әлі...

Толық

Ізі өзің атақты қайқылардың

  • 0
  • 0

Өнерді сен өмірге балап едің,
Өлең-жырға толы еді жан әлемің.
Талапайлап аузыңнан алып кетті,
Ақкүріш-ау, әніңді қалап елің!

Толық

Өзім туралы

  • 0
  • 0

Уызымен анамның ауыздандым,
Бес жасыма жеткенше телі емгенмін.
Ағанікі түбегім, шүмегім де,
Әкем соққан бесікке бөленгенмін.

Толық

Қарап көріңіз