Өлең, жыр, ақындар

Күлкі мен адам

  • 19.03.2020
  • 0
  • 0
  • 1309
Әзілдей күлсе шоң кісі,
Күлкіден келіп өлгісі –
Домалап жатса іш басып –
Жағымпаз адам белгісі,
Ұятқа қалар ол кісі.
Түкірсең тура бетіне,
Тепсең де дәлдеп өтіне –
Ыржаңдап күлер кей кісі –
Арсыздау адам белгісі,
Адам да емес жер кісі.
Даурыға күліп ұмтылар,
Сұрағын қайта сан сұрар,
Аша алмай жағын мың тұрар –
Даңғойлау адам белгісі –
Қашықтау барып сұм тұрар.
Таңданар өзі затына,
Қалады ылғи қапыда.
Жақсылық күткен жауынан –
Ақ көңіл адам белгісі,
Келеді адам күлгісі.
Шапқылап жүрер сабылып,
Жатқан жоқ жоғы табылып,
Күлмейді оған қасы да –
Жолсыздау адам белгісі,
Шайқайды басын досы да.
Туралап көзін сала алмас,
Қол созып жемін ала алмас.
Жарқылдап дұрыс күле алмас –
Жасқаншақ адам белгісі –
Санатта әрең бұл кісі.
Бастаса оң қол ұрысты,
Басуға солмен тырысты.
Қаһарлы ашу кезінде
Істеген ісі дұрысты.
Алғаны алғыс жұртынан,
Қыла алмас күлкі сыртынан.
Көзінде ойлы нұры бар,
Сөзінде ырғақ, жыры бар.
Қамқор боп жасқа ұмтылар,
Үлкенге пейіл құлқы бар,
Сыйлайтын өзін жұрты бар –
Ақылды адам белгісі,
Болады көпке үлгі ісі.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Күлтегіннің ұрпағы — Иманғали!

  • 0
  • 0

Түркі тамыр, мен де бір, емен едім,
Келіп отыр: "Ей, Алла деме!" — дедім.
Ойы олқы соғар ма, Астанаға,
Ауылда өскен, қазақы, немененің.

Толық

360 әулие

  • 0
  • 0

Тілі басқа, діні бөлек жұрт ұққан,
Бұ тірлікте жанға тірек бір тұтқам —
Үш жүз алпыс Маңғыстауда әулием,
Қанша ғасыр қанша ұрпақ "Пір" тұтқан.

Толық

Біздің ауыл

  • 0
  • 0

Тау болмайды бiздiң елде көк сеңгiр,
Ал төбе бар адам аяқ баспаған.
Сол ауылдың магнитi, сенсеңдер,
Шақ келе алмас, қала түгiл, астанаң.

Толық

Қарап көріңіз