Өлең, жыр, ақындар

Біздің ауыл

  • 20.03.2020
  • 0
  • 0
  • 2075
Тау болмайды бiздiң елде көк сеңгiр,
Ал төбе бар адам аяқ баспаған.
Сол ауылдың магнитi, сенсеңдер,
Шақ келе алмас, қала түгiл, астанаң.
Өзiне жоқ, төңiзi бар шалқыған,
Орманы жоқ, сайлары бар жыңғылды.
Әр құбылыс, әр тiршiлiк – жалқыдан,
Таңдайыңды қақтырады… кiм қылды?
Жылқылары адай тұқым жабылар,
Күрдек ұстар, аруана, қоспақты.
Қазақ қойы тұқымдыққа табылар,
Басқаларын мал санына қоспапты.
Шабыт бердi туған ауыл көктемi,
Дәл бүгiн мен шын ақынмын, төкпемiн.
…Көңiл күйдi бұзып кеттi көктегi
Ақ сызығы самолеттiң өктем үн.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Естелік

  • 0
  • 0

Бала кез — жалақ ерін, жыртық иін —
Ойласам қызық екен тұрпым кейін.
Еске алдым бірер сөзді ғажап шақтан,
Қойсын деп өткен күнге ұлтым зейін.

Толық

Бәсеке

  • 0
  • 0

Атағының жаны ашып жабысына
Қазақтар жүр жарыста сағы сына.
Арғымағын оздырып ағылшынның
Бiр қазақ жүр мастанып табысына.

Толық

Алматы таңы

  • 0
  • 0

Таң мезгілі, әуелден, жырға қанық,
Ажарланар таң нұрмен сырлап алып.
Найза шыңдар, тәкәппар, оқшырайған,
Ақ қалпағын көкпеңбек нұрға малып.

Толық

Қарап көріңіз