Өлең, жыр, ақындар

Жылы жауын

  • 19.03.2020
  • 0
  • 0
  • 737
Шақырайып талма түсте күн көзі,
Еркін билеп бар әлемді бір өзі.
Жан-жануар, өрт-лепте, дел-сал боп,
Қысылатын, сая таппай, бар кезі.
Аяды ма күйдірді деп күн жерді,
(Қарылғаш па, бұл хабарды кім берді?)
Көкжиектен жөңки шыққан қара бұлт,
Жерді күннен тасалауды жөн көрді.
Көрген кім бар қара жердің күлгенін?
Көрсең, сезсең – жер қадірін білгенің.
Жылы жауын селдетіп бір өткенде
Көрдім анық Жер-Ананың күлгенін.
Жапыраққа көз біткен – шық-маржандай,
Шұқанақтар, жер көзі, күлді ыржаңдай.
Тыр жалаңаш жүгірген бал-бөбектер
Өсіп шыққан тамшыдан бір-бір жандай.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ықылас

  • 0
  • 0

Құмар дейді қазақ деген бір халық —
Жіберуге бар қонағын ырза ғып.
Ішпей-жемей үнемдейді, ал сосын
Шашады екен — туа біткен мырзалық!

Толық

Бір нүкте

  • 0
  • 0

Шексіз дала, шексіз Теңіз, шексіз Көк,
Шектесетін жеріңде мен нүкте боп
Отыр едім, бір ой келді басыма
Нүкте айтады, ей, үш Өлшем, тасыма!

Толық

Аққулары – Ақтаудың, Атыраудың

  • 0
  • 0

Қызықты ма Атырау айдынына,
Қайдан көшiп, кереге жайды мұнда?
Апырым-ай, не деген ырыс едi,
Жаным жайлау, орын жоқ қайғы-мұңға!

Толық

Қарап көріңіз