Өлең, жыр, ақындар

Бәйтерек

  • 14.12.2019
  • 0
  • 0
  • 11784
Астана – Отан жүрегі,
Мен де сенем, ел сенбек,
Армандадым үнемі,
Соны, шіркін, көрсем деп.

Өтірікпен дос емен,
Жалғандыққа санама,
Астанаға кеше мен
Еріп бардым анама.

Бағандары темірлі,
Адымдадық асыға,
Көтерілдік көңілді
Бәйтеректің басына.

Қандай әсем жер беті,
Қалай тұрам мақтанбай?!
Астананың келбеті
Алақанда жатқандай.

Билеп алды ерікті,
Анам да тұр мақтап-ақ,
Көшелері көрікті,
Зәулім үйлер қат-қабат.

Неменеге асығам?
Ұмытылды көмескі ой.
Бәйтеректің басынан
Кеткім келер емес қой.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Созып келем

  • 0
  • 0

Келе бер қырсық, шіркін, келсең мейлі,
Сарнаған сарапшыға ел сенбейді.
Теңгенің теңсіздігі неге ғана,
Бағамен базардағы өлшенбейді.

Толық

Көкейімде көп сұрақ

  • 0
  • 0

Талап қуам тамұғыңда пісем де,
Өмір осы...
Үйренгенмін кісенге.
Асқақтаған ағайындар сияқты,

Толық

Біздің Отан

  • 0
  • 0

Таулы, тасты сала көп,
Сірә, мұндай дала жоқ.
Атаң менен әжеңнің
Өскен жері бала боп.

Толық

Қарап көріңіз