Өлең, жыр, ақындар

Көкейімде көп сұрақ

  • admin
  • 26.03.2024
  • 0
  • 0
  • 41
Талап қуам тамұғыңда пісем де,
Өмір осы...
Үйренгенмін кісенге.
Асқақтаған ағайындар сияқты,
Атағыңа шарап құйып ішем бе.

Арым таза, көңілімде сайын көк,
Өз елімде өсіп келем қайың боп.
Шекпен кисем шел баспай ма көзімді,
Күрсінгенді көрмей өтер жайым жоқ.

Етегінен ұстамадым ірінің,
Қырсық шалып қираған жоқ Қырымым.
Байлығыңнан баяндылау тірлігі,
Қарапайым қазекеңнің ұлымын.

Өз ойыма, өз сөзіме егемін,
Талғампазға тағылады неге мін.
Ағайынның ашылмаған күйігін,
Әділдікпен айтып өтсем деп едім.

Көкейімде көмбе сынды сан сұрақ,
Үмітім бе,
Өшпейтұғын шамшырақ.
Адалдықпен ақ қағаздың бетіне,
Өзегімнен өлең жатыр тамшылап.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шаң түссе ұятыма

  • 0
  • 0

Аспанымды арман, мұң қабат басып,
Күйзелгенмін көңілден абат қашып.
Ой-өрісі...
Пенденің түсінігі,

Толық

Созып келем

  • 0
  • 0

Келе бер қырсық, шіркін, келсең мейлі,
Сарнаған сарапшыға ел сенбейді.
Теңгенің теңсіздігі неге ғана,
Бағамен базардағы өлшенбейді.

Толық

Неге ғана

  • 0
  • 0

Сарбазың көп болғанмен сапта көрген,
Жайғасқан жерде жетім, тақта мерген.
Бәрібір абызыңа айналмайды,
Көпіртіп мәңгүртіңді мақтағанмен.

Толық

Қарап көріңіз