Өлең, жыр, ақындар

Қаңбақ қыз

  • 28.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1205
1
Қыз бопты бір ертеде,
Ішпейді екен тамақты.
Ысырыпты еркелеп,
Тамағы бар табақты.
Ет дегенде үрпиіп,
Тыжырына қалады.
Күннен-күнге кіртиіп,
Тұнжырапты қабағы.
Тістемепті наныңды,
Жемепті еш жидекті.
Менсінбепті балыңды,
Жаламапты, тимепті.
Айраныңды,
Сүтіңді,
Шайыңды да ішпепті.
Тілеп ерек күтімді,
Өз білгенін істепті.
Қаймақ пенен кілегей,
Сары май да жақпапты.
Секілденіп шүрегей,
Шырым ет те шақ қапты.

2
Ата-анасы қаншама
Жалыныпты, күштепті.
Қыз барынша тамсана,
Тек тәттіні тістепті.
Неше түрлі конфетің
Оған қатты ұнапты.
Жеген сайын дәндеп тым,
Бере бер деп жылапты.
Жей берген соң тәттіні,
Таңдайын тез қуырып,
Басылып қыз аптығы,
Кетіпті аузы уылып.
Жұта алмапты енді қыз
Тәтті түгіл сұйықты.
Бозарып тым өңді қыз,
Күлкісін де тыйыпты.
Қауқары да аз-ақ қап,
Сенделіпті салмақсыз.
Құрбылары мазақтап,
Депті оны «Қаңбақ қыз».
Қаңбақ десе, қаңбақтай,
Жел үп етсе, шайқалған.
Жүргеннен соң нәр татпай,
Әлсіздігі байқалған.

3
Ана бұған мән беріп,
Қызына ақыл айтыпты:
– Алғаныңша әлденіп,
Тысқа шықпа жай, тіпті.
Мезгілімен ұйықта.
Мезгілімен тамақтан.
Тәбет шапса сұйыққа,
Іш азырақ томаттан...
Бала деген бала ғой,
Айтқан сөзге көнген бе?
Аңсағаны дала ғой,
Кетіпті ойнап ол демде.
Кенет қатты құйын кеп,
Көтеріпті көк төсі.
Қыз жағдайы қиын боп,
Қысылыпты өкпесі.
Бірте-бірте аспандап,
Сіңіпті бұлт ішіне.
Екі көзден жас парлап,
Өкініпті өз ісіне.
Содан бері күліп кеп,
Қаншама жаз, өтті күз.
Аппақ-ала бұлт боп,
Мекендепті көкті қыз.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Біздің күрес

  • 0
  • 0

Мынау өмір күрестерден құралған,
Күрестермен орындалған ұлы арман.
Қан төгілген топырақтан – құнардан
Қызғалдақтар бойын түзеп, бұралған.

Толық

Кесірлі қабан

  • 0
  • 0

Ниеті қарау
Талпақ танау
Қабан Маралға тиісті:
Сезбейсің түк иісті.

Толық

Саңырық

  • 0
  • 0

Ошақты Тасжүректің Сейітінен,
Танисың Саңырықты кейіпінен.
Ерекше батырлық пен мергендігін
Айтады аңыз етіп кеңітіп ел.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер