Өлең, жыр, ақындар

Біздің күрес

  • 30.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1710
Мынау өмір күрестерден құралған,
Күрестермен орындалған ұлы арман.
Қан төгілген топырақтан – құнардан
Қызғалдақтар бойын түзеп, бұралған.
Күреспенен өткен батыр бабалар,
Күреспенен өткен асыл ағалар.
Жеңістердің желбіреген желегі –
Бүгінгі бар бақытты ұрпақ – балалар.
Күрес, күрес көз ілместен сәтке бір,
Күрестермен тамсандырған тәтті өмір.
Талай боздақ ағып түсіп жұлдыз боп,
Қимастықпен киіп кеткен ақ кебін.
Біздің күрес ол күрестен басқалау:
Жолдар жасау, үйлер салу, тас қалау.
Мылтық атып, құс құлатса әлдекім,
Одан артық болмақ емес басқа жау.
Біздің күрес жүріп жатыр тынбастан –
Әсем әуен, үндестік пен жыр-дастан.
Самаладай сансыз қала оттары,
Төбемізде төңкерілген түнгі аспан.
Біздің күрес – жеңістерге құштарлық,
Болмақ емес онда күндеу, іштарлық.
Керенаулық, бойкүйездік, босаңдық –
Бұл дәуірде барып тұрған дұшпандық.
Біздің күрес – жүйріктік пен ерендік,
Біздің күрес – биіктік пен тереңдік.
Ер атандық, еңбекпенен елендік,
Күрестермен бақыттарға кенелдік.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кім қайда туып, қайда өледі?

  • 0
  • 0

Орыстардың:
«Ақындар ауылда туып,
Қалада өледі» дегені
Қазаққа да келеді.

Толық

Армандаймын

  • 0
  • 0

Кетпей қойды көптен бері,
Елесің көз алдымда.
Қызғалдақтай бөктердегі
Алауланып жандың ба?

Толық

Әкпеме

  • 0
  • 0

Сестра, сен әпкесің,
Әсем қалпақ, шәпкесің.
Қаламын-ау қиналып,
Бір жігіт алып кеткесін.

Толық

Қарап көріңіз