Өлең, жыр, ақындар

Қалтадағы құлақ

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 782
Жездемнің бір құлағы
Алмалы-салмалы болды,
Он-ақ грамм салмағы болды.
Шынында бұл құлағы
Ерекше бақпа құлақ еді,
Бәрін еститін қақпа құлақ еді.
Сол құлағын жатарда алып қоятын,
Қалтасына салып қоятын.
Бірде ол әдетінен жаңылып,
Арақ ішіп қағынып,
Құдайы атып қалды,
Есін білмей жатып қалды.
Мұндайда баланың жыны бар-ды:
Алмалы құлақты
Қатты ұнатты,
Ақыры жұлып алды.
Сөйтті де далаға ойнап кетті,
Достарымен тойлап кетті..
Өзенді бойлап кетті.
Оны басқалар байқамады,
Байқаса, әрине, қайтарады.
Бір кезде жездем ес жиып,
Қарады бізге состиып:
– Құлағым қайда? – деді, –
Табыңдар, әйда! – деді.
Біз қалтаға қара дейміз,
Ол балтаға қарайды.
Біз еденге қара дейміз,
Ол легенге қарайды.
Біз текшеге қара дейміз,
Ол өкшеге қарайды.
Сөйтсек, ол бізді естімейді екен,
Өзін ғана есті дейді екен.
«Жабыл, жабыл, жабыл», – деп, –
Құлақ, тездеп табыл», – деп, –
Үйді түгел ақтардық,
Құлауға да шақ қалдық..
Жездем: «Құлақ!» – деп, көзін бақырайтты,
Сол кезде біреу ақыл айтты:
«Болмас, сірә, бұл айып,
Балалардан сұрайық,
Табылмаса, шын айып,
Басқа не амал қылайық?»
Барсақ, балалар құлақты,
Жетелегендей лақты,
Жіпке байлап сүйретіп жүр,
(Мүмкін, балық аулауды үйретіп жүр).
Құлақ иесіне қайтты,
Бірақ, бір бала айтты:
«Күндіз құлаққа ілгенше,
Түнде қалтада жүргенше,
Мұндай құлақты.
Тұру үшін тұрақты,
Байлап қою керек жіппенен», –
Ұсыныс болды бұл күтпеген.
* * *
Бұл сөз жездемнің ойында жүрді:
Көңілі жайланып.
Құлақ жіпке байланып,
Түнде қалтада емес,
Жатқанда да мойында жүрді.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қияс

  • 0
  • 0

Қияс тілді алмайды,
Қияс кімді алдайды?
Қолын әсте жумайды,
Ақыл айтсаң, тулайды.

Толық

Кешіккен көктем

  • 0
  • 0

Бұл аспанның түбі түсіп кеткен бе?
Жете алмайа-ақ қойдым сұлу көктемге.
Жапалақ қар жауады кеп, жауады,
Қызғалдақтар құлпыратын көк белде.

Толық

Шалшықта қалған шабақтар

  • 0
  • 0

Кішкентай ғана көл бар еді,
Айнала қонған ел бар еді.
Көл бір күні тасынды,
Тасынды да басынды:

Толық

Қарап көріңіз