Өлең, жыр, ақындар

Шалшықта қалған шабақтар

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 858
Кішкентай ғана көл бар еді,
Айнала қонған ел бар еді.
Көл бір күні тасынды,
Тасынды да басынды:
«Жақын жерді баурап алсам,
Алыс жерді жаулап алсам,
Асқар ала тауға барсам,
Адамдарын бағындырсам,
Табанға сап табындырсам,
Үндері өшіп, құл болмай ма?
Күндері өшіп, түн болмай ма?
Сонда бәрі пенде болады,
Бар байлығы менде қалады», –
Деген зұлым ойға кетіп,
Ойы мықтап бойға бекіп,
Орал таудан ойнап өтіп,
Суын түгел жайып жіберді,
Сансыз кеме, қайық жіберді...
Саздау жерді ойып жіберді,
Аздау елді жойып жіберді....
Содан көлшік теңіз болды,
Балықтары семіз болды.
Мұнысымен қоймады,
Мұхит болуды ойлады.
Табиғат заңы алайда,
Астамшылыққа қарай ма?
Қандай кереметтің де
Шегі болады қалайда.
Теңіз тартыла бастады,
Шырылдап шарқ ұра бастады.
Артында шалшықты алаптар қалды,
Шалшықтарда шабақтар қалды.
«Шалшықтар кепсе, не оңады?
Шабақтардың күні не болады?»
Теңіз осыны ойлап алқынып барады,
Күн өткен сайын тартылып барады.
* * *
Не болушы еді, тарихтың заңы –
«Көн қатса, қалпына барады».
Түбінде тарыққан халықтың зары
Зорлықшыларды алқымнан алады.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бір өлең

  • 0
  • 0

Кейде ақынды танытады бір өлең,
Кейде ақынды налытады бір өлең.
Кейде ақынның жүрегінен құйылып,
Кейде шықпай арытады бір өлең.

Толық

Туғаннан талабымды тұлпар қылып

  • 0
  • 0

Туғаннан талабымды тұлпар қылып,
Ұшырдым үмітімді сұңқар қылып.
Сұлулық, сымбаттылық атаулыға
Тәңірім қойған мені іңкәр қылып.

Толық

Сыйлық пен бұйрық

  • 0
  • 0

Асыра орындап жоспарын,
Сыйлығын жуды Қошқарың.
Сіміріп қызыл, ағыңды,
Алдымен өзі қағынды:

Толық

Қарап көріңіз