Өлең, жыр, ақындар

Мұзайдын

  • 31.07.2019
  • 0
  • 1
  • 4338
Алматы керемет қала ғой,
Алатау айрықша дара ғой.
Көрікті жерлері жетеді,
Бірінен біреуі өтеді.
Көңілді көтеріп, демеуге,
Тура жол тартады Медеуге.
Онда бар мұзайдын – сырғанақ,
Құмарың қанбайды мың қарап.
Қытымыр қысқы түн самалы
Шымшылап ойнайды шамалы.
Қыз зырлап барады сырғанап,
Шақырып кеткендей мұндалап.
Үміттің тізгінін тартады,
Арманың алға иек артады.
Төбеңде – көгілдір түнгі аспан,
Астыңда – ақ айдын мұз басқан.
Зымырап жұлдызша ағасың,
Ерекше рахат табасың.
Аяқты көсілте созасың,
Талайдан оқ бойы озасың.
Арғымақ конькиің мұз тіліп,
Артыңда ықтайды ызғырық.
Көзіңді саласың, жүз бұрып,
Қараса наздана қыз күліп.
Бұл-дағы бір түрі жарыстың,
Келмейді қатардан қалысқың.
Үміт боп кеудеде бас бәйгі,
Үнемі сені алға бастайды.



Пікірлер (1)

Жансая

Менің пікірім бойынша Мына сөз Алматы керемет қалағой дегенде шын мәнінде Алматы керемет қала Алматы қаласын Алатау деген жер бар Алатау қаласында сарайының арасында Қазақстан Ресбуплика он түстік шағында орналасқан

Пікір қалдырыңыз

Кезекші

  • 0
  • 0

Ерте тұрып әр таңда,
Сыныбыма келемін.
Сүртіледі партам да,
Жуам тақта, еденін.

Толық

Қазақтың арулары

  • 0
  • 0

Сымбатты, сұлу ғажап тым,
Қыздары қандай қазақтың.
Көрмесе сағындырған,
Көркімен табындырған.

Толық

Араздасқан ағайындарға

  • 0
  • 0

Отырайық, ағайын,
Туысқан боп, туған боп.
Ашып жанның сарайын,
Таң-тамаша, думан боп.

Толық

Қарап көріңіз