Өлең, жыр, ақындар

Араздасқан ағайындарға

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 3471
Отырайық, ағайын,
Туысқан боп, туған боп.
Ашып жанның сарайын,
Таң-тамаша, думан боп.
Бірімізге біріміз
Қадырменді аға боп.
Төгіліп ән, жырымыз,
Елтірі топ, жаға боп.
Бірімізге біріміз
Ілтипатты іні боп.
Күлім қағып күлеміз,
Қырдың қызыл гүлі боп.
Бірімізге біріміз
Араздықты азайтып,
Жараспай ма мұнымыз.
Отырыссақ наз айтып?
«Алтау ала болғанда,
Ауыздағы кетеді».
Ұйысып бір қорғанға,
Ұғыныссақ не етеді?
«Төртеу түгел болғанда,
Төрге басың жетеді».
Ұқсап жасыл орманға,
Жайқатылсақ не етеді?
Ашып жанның сарайын,
Таң-тамаша, думан боп,
Өтейікші, ағайын,
Туысқан боп, туған боп.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Алтын таң

  • 0
  • 0

Алтын таң арайлап атқанда,
Ұйқыдан әлем оянған.
Шуақты шапағын шашқанда,
Нұрына дала боянған,

Толық

Той

  • 0
  • 0

Аштық жылы жұбатпақ боп аңдарды,
Арыстан бір той жасауға қамданды.
Жіберіліп жүйрік пенен дүрлері,
Шақырылды меймандар –

Толық

Сиқырлы светофор

  • 0
  • 0

Ерте де емес, кеш те емес,
Айы, жылы есте емес.
Бір ертегі айтайын,
Осы күнгі –

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер