Өлең, жыр, ақындар

Әке сөзі

  • 06.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1171
Жолдар,
Жолдар қилы-қилы бұралған,
Қандай жолдар сені күтіп тұр алдан.
Өмір деген, өмір деген балам-ау,
Сан жолдардың қоспасынан құралған.
Жолдар, жолдар қилы-қилы шатқалаң,
Жолда жатқан оңай бақыт жоқ, балам.
Орта жолда белестерден аса алмай,
Жете алмайды мақсатына, тоқтаған.
Алда құшақ жайып жатса гүл өңір,
Адам үшін қайғыра біл, күле біл.
Жол үстінде кездесесің бәріне,
Кейде тәтті,
Кейде ащы бұл өмір.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қарама маған тесіліп

  • 0
  • 0

Қарама маған тесіліп,
Сөйлей алмаймын есіліп...
Жолаушыдай пойызынан кешіккен,
Ылғи да жүрем кешігіп.

Толық

Ән

  • 0
  • 1

Ойын, қырын, адырын,
Құшқың келіп жүресің.
Досым, елдің қадірің,
Алыс жүрсең білесің.

Толық

Тіледім тілек...

  • 0
  • 0

Мединада – Мұхаммед,
Түркiстанда – Қожа-Ахмет,
Маңғыстауда – Пiр Бекет!
Салтанат-сәндi Ауыл ек,

Толық

Қарап көріңіз