Өлең, жыр, ақындар

Ән

  • 06.07.2019
  • 0
  • 1
  • 894
Ойын, қырын, адырын,
Құшқың келіп жүресің.
Досым, елдің қадірің,
Алыс жүрсең білесің.
Өзге өңірден ерекше,
Сұлу болар таңы да.
Құмартасың керексе,
Аунасам деп шаңына.
Айтар болсам жасырмай,
Оның сыры, мәні бар.
Әр жүректің асылдай,
Туған жерге әні бар.
Жүрегіммен енді ұққан,
Хабар күтіп күнбе-күн.
Шекарада сондықтан,
Сақшы болу-міндетім.



Пікірлер (1)

Рахымбай Бақболат

Өте жақсы ата бабамыз осындай Тақпақты бізге қалдырды соған рахмет

Пікір қалдырыңыз

Досым бар...

  • 0
  • 0

Бір досым бар қыз-қырқынға батыл тым,
Бір досым бар кені тұнған ақылдың.
Бір досым бар момындау да, қайратты,
Бір досым бар әлжуаз да, айбатты.

Толық

Өмірден көргені кіл азап

  • 0
  • 0

Өмірден көргені кіл азап
Болса да,
Мұңаймай бұ қазақ
Келеді,

Толық

Сағым

  • 0
  • 0

Шыжып тұрған шілденің,
Тапа-тал түс шағында.
Дала деген бір керім,
Бөленеді сағымға.

Толық

Қарап көріңіз