Өлең, жыр, ақындар

Тіледім тілек...

  • 08.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1701
Мединада – Мұхаммед,
Түркiстанда – Қожа-Ахмет,
Маңғыстауда – Пiр Бекет!
Салтанат-сәндi Ауыл ек,
Достыққа құшақ Бауыр ек.
Қастыққа дүлей Дауыл ек
Жалбарынам қол жайып,
Тiлегiмдi қабыл ет!
Асқақ-асқақ Арманым,
Бiлсем де Дүние жалғанын.
Мұхаммедтiң Үмбетi,
Мен бiр Құлы Алланың.
Ұнатпайтын мақтауды,
Жаратпайтын боқтауды.
Адал ниет, пәк сезiм,
Жүрегiмде сақтаулы.
Бергендер сертке тұра алсын,
Құдай – Бiреу, Құран – Шын.
Үш әулием, үш Пiрiм,
Мұсылманға – Ұрансың,
Мойынға тағар тұмарсың.
Менде бұрқап iшкi леп,
Құштарлық сезiм күштiрек.
Тiлейтiнiм ал ендi,
Бар болғаны үш тiлек:
Бiрiншi:
Үзiлген бодан ноқтасы,
Еркiндiктiң қақпасы.
Түркiлер алтын бесiгi –
Ұлы Даламды сақташы.
Алтындар,– дейдi,– көшедi,
Далада аң-құс төсегi.
Далада байлық-қазына,
Далада Бидай өседi.
Екiншi:
Исi бар жұпар Гүлiмнiң,
Дiнiмнiң және Дiлiмнiң.
БҰҰ-да сөйлер көсемдер,
Шұрайын шығар Тiлiмнiң.
Өзге жұрт, шiркiн, тамсансын,
Алыстап кетсе аңсар сыр.
Домбыра-шанақ күмбiрлеп,
Күмiс көмейлер ән салсын.
Үшiншi:
Алып жүр қырттар жағамнан,
Сескенбей тұлпар-тағамнан.
Барады жастар жасық боп,
Рухымды қайтар жоғалған.
Кештiк қой күндi жасқақтап,
Жараспас ендi бас бақпақ.
Бойымда жүрсiн әрдайым,
Ұлттық Намыс асқақтап.
Жайнамазын жайған бар,
Дiн жолынан тайған бар.
Қазаққа Қожа жiберген,
Өзiң едiң ғой, Пайғамбар!
Таусылмас айтсам мың күн жыр,
Тағы да дүркiн-дүркiн бiр.
Өзiңнiң адал Үмбетiң
Қазақты шаңнан сiлкiндiр!
Мединада – Мұхаммед,
Түркiстанда – Қожа-Ахмет,
Маңғыстауда – Пiр Бекет!
Тiлегенiм үш тiлек,
Тiлегiмдi қабыл ет!!!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өзің едің

  • 0
  • 0

Қызғалдақтар гүл атқанда бақтағы,
Өзің едің өмірімнің ақ таңы.
Өзің едің қуанышым, бақытым,
Өзің едің жас жанымның тапқаны.

Толық

Ұйқыда бар әлем

  • 0
  • 0

Ұйқыда бар әлем,
Мен жалғыз ояумын.
Заматта барар ем,
Алыссың, аяулым.

Толық

Маған ыстық бұйрат құмдар, шағылдар

  • 0
  • 0

Маған ыстық бұйрат құмдар, шағылдар,
Маған ыстық ұстатпайтын сағымдар.
Не ойлайды екен қаладағы мен жайлы,
Дала ұлдары Мұқандар мен Сағындар.

Толық

Қарап көріңіз