Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті талапкерлерді оқуға шақырады!

Жатыр

  • Bain
  • 26.04.2015
  • 1
  • 12
  • 12063
Басқа жұрт аспан-көкке асып жатыр,
Кілтін өнер-білім ашып жатыр.
Бірі - ай, бірі - жұлдыз, бірі күн боп,
Жалтырап көктен нұрын шашып жатыр.
Таласып өнер-білім алып жатыр,
Күнбе-күн алға қарай барып жатыр.
От жегіп, көкте ұшып, суда жүзіп,
Тәңірінің рахметіне қанып жатыр.
Ойламай біздің қазақ текке жатыр,
Бір іске жанаса алмай, шетте жатыр.
Азырақ көз жүгіртіп қарап тұрсаң,
Қазекең таң қаларлық көпте жатыр.
Байларың мыңды айдаған шалқып жатыр,
Бар малын болыстыққа сарқып жатыр.
Барымта, ұрыс-керіс, кісі өлтіріс -
Ішінде сорлы қазақ қалқып жатыр.
Кең жері күннен-күнге құрып жатыр,
Сұр жылан бар қан-сөлін сорып жатыр.
Астана, жұрт билеген адамдарды
Тәңірі күннен күнге ұрып жатыр.
Біреулер оқып төре болып жатыр,
Шен алып, бақыт құсы қонып жатыр.
Ұмытып өзін- өзі бұл сабазың,
Жұртына қарсы таяқ соғып жатыр.
Шәкірттер медреседе шіріп жатыр,
Қайдағы ескі нұсқа көріп жатыр.
Оқыған, дін іздеген байғұс шәкірт
Жемтікші құзғын болып кіріп жатыр.
Әйелдер мал орнына жүріп жатыр,
Жас қызын малға, шалға беріп жатыр.
«Бес байтал - әйел құны» деген бір сөз
Қармаққа талай жасты іліп жатыр.
Дау-жанжал ел арасы толып жатыр,
Өзара талас-тартыс болып жатыр.
Кешегі шешек жарған қазақ гүлі
Сарғайып, бір су тимей солып жатыр.
Мінекей, қазақ солай бітіп жатыр,
Күннен күн артқа қарай кетіп жатыр.
Сезінбей өз өлгенін, өзінікін
Аты өшкір оқығандар нетіп жатыр!

Басқа да өлеңдері

Сағындым

  • 0
  • 60

Абақтыда айдан, күннен жаңылдым,
Сарғайдым ғой, сар даламды сағындым.
«Қарашығым, құлыным!» деп зарлаған
Алыстағы сорлы анамды сағындым.

Толық

Қызыл жалау

  • 1
  • 2

-Жалынды жалау кімдікі?
-Тұрағы тарғыл тас қия,
Арбаңдаған Азия -
Жалындай жалау соныкі,

Толық

Күз

  • 1
  • 3

Бұрқырап қара дауыл соғып тұрған,
Көкорай түсі қашып солып тұрған.
Шыдамай қатты ызғарлы жел өтіне,
Бүрісіп ағаш, шөптер тоңып тұрған.

Толық

Пікірлер (12)

өте тамаша Алихан Мухтар

Өте тамаша Алихан Мухтар

мурат

неё расын шынын жазган гой

Эльдар

Мықты айтқан екен Мағжан ағамыз...
Әлі күнге дейін дым өзгермепті масқара

Қазақ әлі өзгермеген екен.

Қазақ әлі өзгермеген екен.

Айжан

Дәл қазіргі уакытты айтып кеткен екен,не деген көрегендік.Өлеңдерді қанша оқысақ та ....

Магжан

Маңыздылығын жоғалтпаған екен 100 жыл бұрынғы Қазақ сол Қазақ

Нуролла

Ким Ахметжаннын видеосын корип осы издеди лайк)

Жомарт

Осыны Абай атамыз да жазып кеткен. 100 жылда ештеңе өзгермейді.

Мектеп багдарламасына коссын деген ундеу кажет

Осындай оленди сабак кылып талкылау кажет жастарга

Қайрат

Айтатын сөз жоқ.өте өкінішті

Альмира

Баяғы жартас, сол жартас деген... Қазақ оянар кун болар ма екен?

Гүлім

Жақсы жұмыс, акшам болғанда бәрі дос танысым көп, ағайынға сыйлы болатынмын.қазір Рахат ақша да жоқ ағайында жоқ. Тек кіші ұл 3-оқу бітіріп өз күшімен жақсы жұмысқа тұрып еді қайтадан бәрі күлімсірей бастады.

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...