Өлең, жыр, ақындар

Есілде, Ертісте, Еділде

Есілде,
Ертісте,
Еділде,
Тасыма топан су, төгілме.
Шайқалмай шаңырақ шыдай тұр,
Егілме елім-ай! Егілме.

Бөгендер, қоймалар бұзылма,
Елімнің зәресін ұшырма,
Жібісін Жер Ана қойнауың,
Сіңдірші мол суды бойыңа.

Шаймасын жолдарды, көпірді,
Бұлқынған толқының екпінді,
Адамзат атасы Табиғат,
Кешіргін бұл жолы өкпеңді.


Тіршілік тылсымын кім ұқсын,
Түсінсең, жынды я ұлықсың.
Тіл алса айтайын өтініп,
Патша Күн Жерімді жылытсын

Ерке жел кептірсін қалғанын,
Тамырын тарқатсын орманым,
Жер ана бойыңа тарт суды,
Гүлдеуге жетеді қалғаны.

Есілде,
Ертісте,
Еділде,
Тасыма топан су, төгілме.
Шайқалмай шаңырақ шыдай тұр,
Егілме елім-ай! Егілме.

Бура-Найман



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар