Өлең, жыр, ақындар

Тас қабірге тіл бітсе...

  • 10.06.2019
  • 0
  • 0
  • 5758
Мен өлермін..,
Қанжығама қайғымды байлап алып,
Жауым күлер со сәтті пайдаланып.
Жайық жылар, жабырқап, жайлап ағып,
Тіршілікте көрмеген рахаттың,
О дүниеде келмесі айдан анық..

Мен өлермін бәріңді талақ қылып,
Мен өлермін аспанға қарап күліп.
Біреу айтар: жарықтық от еді деп,
Қыршын ғұмыр – жасымды санап тұрып.

Біреу күлер жеткенің осы ма деп,
Біреу жоқтап қайғырар басыма кеп.
Ей, дүние!
Бірақ та саған қарап,
Күліп қалған бейнемнен шошыма тек!

Мен өлермен,
Өлмессіңдер сендер де пасықтар-ай!
Күлкім қалар сендерден қашықтамай.
Күліп тұрған енгенде менің бейнем,
Тұрарсыңдар түн бойы шошып талай ...

Батыры жоқ болмайды Одақ бекем..,
Ақыны жоқ ауыл да абақты екен...
Мен өлемін,
Мылтық пен домбырамды,
Құм төбенің басына қадап кетем ...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Күзетші құрдасқа

  • 0
  • 0

Не құдайға сенбейсің,
Не былайға сенбейсің.
"Ханға" тағы сенбейсің,
Заңға тағы сенбейсің.

Толық

Жұма күнгі жыр

  • 0
  • 0

Туа қалсақ – тосады таныс қабір,
Мәңгілікке кетуді күттім менде ...
Төрт қабырға –төрт Құран, ғарышта-нұр,
Ал, қапастың ішінде тұтқын пенде ...

Толық

Қыршын ақынға

  • 0
  • 0

Жыр мұхитында желбіреп желкені желмен,
Тоқайластырған елжіреп ертеңін елмен.
Еркелеп жүріп елінің тентегіне ерген,
Шайырлар қанша шарапқа өртеніп өлген.

Толық

Қарап көріңіз