Өлең, жыр, ақындар

Қыршын ақынға

  • 10.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1368
... Өлеңнен алтын азап арқаладым,
Бақыты өтер ме екен бұйырмай-ақ...
Сағат Әбуғалиев

Жыр мұхитында желбіреп желкені желмен,
Тоқайластырған елжіреп ертеңін елмен.
Еркелеп жүріп елінің тентегіне ерген,
Шайырлар қанша шарапқа өртеніп өлген.

"Барса келместен" шақырып сайқымазақ үн,
Аттандың сен де фәнидің айтып азабын.
Артыңда қалды көмген соң көріңе өкірер,
Талайды қайқы, маңдайы тайқы қазағың.

Болмысты кезіп байқасаң, жаймен аңғарып,
Дүние-жалған, ақылмен ойлағанға анық.
Қай тентегіне тектілік танытар дейсің,
Махамбетінің басымен ойнаған халық.

Алдында ардың ақтығың санаттан өшіп,
Сәтсіздік-сайқал жатқанда тамақтан осып.
Шайыр біткендер шырмалып шырмауық-мұңға,
Жұтады сосын қайғыны шарапқа қосып...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Марат Отаралиевке

  • 0
  • 0

Сезіндім аға, уақытты – сылдыр бұлақтай,
Безіндім, аға, тірліктен- сусыр сынаптай.
Көз ілгім, аға, келеді кейде сен құсап,
Сезімнің жара тұстары жанды шыдатпай.

Толық

Өкпелемеші

  • 0
  • 0

Өкпелемеші,
Өтірік мен де жұбатпан
Өзегімді өртеп жазбайын хат та жырақтан.
Өкпелемеші,

Толық

Дос

  • 0
  • 0

Жеті жастан бірге өстік,
Болды-ау талай білместік.
Бірімізді біріміз,
Сыйласумен күн кештік.

Толық

Қарап көріңіз