Өлең, жыр, ақындар

Күзетші құрдасқа

  • 09.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1328
Не құдайға сенбейсің,
Не былайға сенбейсің.
"Ханға" тағы сенбейсің,
Заңға тағы сенбейсің.
Арнасына сия алмай,
Соқтығысқан сеңдейсің.

Ойға оралды бір күдік,
Қарап сенің сыйқыңа.
Қалаң болса дүрлігіп,
Далаң болса ұйқыда.

Сөзін сөйлеп дананың,
Ісін істеп ауыштың.
Ресейдің арағын,
...Ақырында тауыстың.

Үйге қаржы әкелмей,
Бала-шаға, жарды ойлап.
Жүрсің енді әкеңдей,
Шалдарменен "Гарбі" ойнап.

Отырасың қозғалмай,
Бұлт ішінде батқанда ай,
"Қой үстіне болзторғай,
Жұмыртқалап жатқандай".

Арнасына кәрі Арал,
Қайта толған секілді.
Тайсойғанның жарадар,
Байкот алған секілді.

Ақша толы уысың,
Ауырлайтын секілді.
"Қылтамақ" боп туысың,
Ауырмайтын секілді.

Бекірелер Оралға,
Асып жатқан секілді.
Уылдырық қораңда,
Сасып жатқан секілді...

Жаратқанның жарлығы,
болып тұрған секілді.
Дүкеніңде барлығы,
Толып тұрған секілді...

Ризасың өз ісіңе -
Қызмет қылған Отанға!
Жиі енеді түсіңе,
Брежнев атаң да...

Қарауылда табанға,
Жүрсең дағы сыз өтіп,
Хал сұраған адамға,
"О кей!" дейсің гүж етіп.

Ұры күтіп ас қылған,
Түн құшағын жайғасын.
Күзетесің бос тұрған,
"Рабкооптың" қоймасын.

Бір қолыңда таяғың,
Телміресің таң да атпай.
"СССР-ді...баяғы" ...,
Қорғап тұрған солдаттай.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Асан Қайғыны аңсау

  • 0
  • 0

Әзелден біздің бабамыз қазақ болған-ау, сірә, қыр кезбе,
Даланың төсін қоныстай берген тайпалар кезіп жылда өзге.
Дендерім менің, кең жерім менің, көлдерім, қырат-белдерім.
Асан Қайғы атам өтіпті сенен "Жерұйықты" іздеп бір кезде.

Толық

Болжам

  • 0
  • 0

Әр ақынның өмір жолы әр қалай,
Біраз жерден бұйырған-ды дәм талай,
Ат салысып жүргеннен соң өнерге.
Қаншама рет бармақ болып асырғанмен айламды,

Толық

Дұға-жыр

  • 0
  • 0

Сен Адам ең, ал біз болсақ пендеміз,
Пенделікпен аттанамыз көрге біз.
Атаң қалды, інің қалды артыңда,
Бала-шағаң қалды және жеңгеміз.

Толық

Қарап көріңіз