Өлең, жыр, ақындар

Заманының заңғары

  • 09.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1089
Елдің жүгін қара нардай көтерген,
Ағалар бар орақ ауыз от өрген.
Қазақ Рухын асқақтатып әлемге,
Сұлулығын соғып берген « Үркерден».
Асыл туып әуел бастан анадан,
Ақ сүтімен баба үнін жалғаған.
Қыдыр келіп тәй тәй басқан шағында,
Беттен сүйіп ақ батасын жолдаған.
Есімі елге жыр болса да жатталып,
Көрген емес жұрт алдында мақтанып.
Сол баяғы қарапайым мінезі,
Инабетпен өрнектелген ап анық.
Бар болмысы кең даламның өзіндей,
Ғұмыры пәк мөлдіреген сезімдей.
Игі еңбегі аян барша Алашқа,
Тереңдігі аласұрған теңіздей.
Сескенбеген дауылдардан селдерден,
Қаншама сыр іздерінде ол жүрген.
Сәби еді ау кеткенде әке соғысқа,
Жетімдіктің қасіретін мол көрген.
Алшоңқойдан дәм татқызып жоқтығың,
Азап салып қанша тозақ өтті күн.
Шаңырағын әкесінің құлатпай,
Жастайынан терген ойдың шоқтығын.
Зарлап қалған жалғыз ана жанында,
Мұңға батып қолын созып таңына.
Оқпантауда бабам жаққан алаудан,
Шырақ алып айналған ол жалынға.!
Қанат қағып қиялына әлемнің,
Анаға оқып тұңғыш отты өлеңін.,
Бабалардың даңқын ұққан жас жүрек,
Өзі болған ақ желкенді кеменің.
Мәңгі күрес өмір керуен көшінде,
Еліктемей, жалтақтамай ешкімге.
Жасасам деп жер бетінде жақсылық,
Жар салған ол боз төбенің үстінде.
Сол дауысы құдіретке көктегі,
Естілдіме оған көзі жетпеді.
Бір ұққаны «Иә Бекет « деп бабалар,
Түсіне еніп сыйға тартқан көктемді.
Әруақтар тік көтеріп еңсесін,
Кеудесіне құйып жалын термесін.
Ақпа күймен дүниені теңселтіп,
Ұлғылаған өлмес өнер кемесін.
Маңғыстауда маңғаз өлке басынан,
Тәңір өзі талант беріп жасынан.
Періштелер тербеп алтын қаламын,
Маржан сөздер шашу болып шашылған.
Оңды ауылдан оңды басып қадамын,
Халық үшін арнаған ол арманын.
Нақ сүйгені туған елдің намысы,
Ту қып ұстап көтерген бар салмағын.
Ерлікпенен елдікті айтып ұланға,
Ынтымақты ұран қылып ғаламда.
«Шыңыраудан» сусындауға ой тартып,
«Күйі»еркін күмбірлеген даламда.
«Елең Алаң « түсінгенге тағдырым,
Дана айтпаса кім біледі нар құнын.
Әбілхайыр бабам қайта оянып,
Жайып салған жұмбақ сырдың барлығын.
Шақырған ол еркіндікке, теңдікке,
Жұдырықтай жұмылуға елдікте.
Құтылуға бодандықтан, құлдықтан,
Жолын тауып ақылменен тірлікте.
Ойлай білсең неткен ғажап ірілік,
Шежіреңді құмды жатқан көміліп.
Аршып алып сыйға тартып ұрпаққа,
Қорған болған қабырғасы сөгіліп.
Сәл қозғалсаң жауап алар бәрінен,
Тайсалмастан социалдың кәрінен.
Ұлттық мүде жырын айтып дауыстап,
Үн тастаған ой гүлінің дәнімен.
Күннің нұры түссе екен деп, көпке тең,
Бар айтарын өріп сұлу көктемнен.
Ізгіліктің ұлы мақсат жолында,
Жан аямай өткен талай өткелден.
Атар таңның шуағына бөлемек,
Ұлы көшке арманыңды жетелеп.
Үйреткен ол жұрт тағдырын ойлауға,
Сабырлықпен ақыл ойды зерделеп.
Өрнектесең өмір жолын өлеңмен,
Ол ғажайып нұрын төккен сырлы әлем.
Кекілбайұлы Әбіш атты есіммен,
Сүйсіндіріп адамзатқа сән берген.!
Ойы орамды сезім толы сөзі алтын,
Қуанта алған даналықпен нар халқын.
Парасатты кемеңгердің әр үні,
Соғылғандай жақұтынан жәннаттың.
Заманымның шыңы биік заңғары,
Сахарадай ұлан байтақ жан жағы.
Шындық сөздің құдіретімен тас тіліп,
Атқылаған ыстық қайнар бұлағы.
Тәңір берген туған елдің бағына,
Қуанасың асыл ағаң барына.
Ұлы Абайды жалау қылған әулием,
Әуезовім бір жүргендей жанында.
Дем біткенше өзі тынбай жырлаған,
Сөз гауһарын арнап шашып халқына,
Ізін басқан шәкіртіне елжіреп,
Өнегесін бағалап саһ алтынға.
Қуаныштан күйді кешіп шалқыма,
Тіл қатқандай қоңыр үнмен жалпыға:
«Аман болсын айбыны асқақ азамат,
Аянбастан қызмет қылған ұлтына.»!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шыңғыс хан

  • 0
  • 0

О, Шыңғыс хан – ТҮРІК ұлы айбынды,
Қият нұрдан жарқыраған айдыны.
Толқынына толық түскен ай нұры,
Жан анаңның тас емшегін иітіп,

Толық

Ер Қосай, ұрпақтарының әні

  • 0
  • 0

Қара дауыл қыспаққа алып қаптаған
Туған елдің от салғанда төсіне.
Жорықтары Қосай бабам бастаған,
Нар халқымның әлі мәңгі есінде.

Толық

Қырық қыз туралы аңыз

  • 0
  • 0

Бір ауыл көшіп келіп Қарақұмның,
Алғанда түкпірінде жаңа тыным.
Қияннан ғажайып саз ән келеді,
Самал жел құшағында жалғап үнін.

Толық

Қарап көріңіз