Өлең, жыр, ақындар

Ер Қосай, ұрпақтарының әні

  • 07.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1302
Қара дауыл қыспаққа алып қаптаған
Туған елдің от салғанда төсіне.
Жорықтары Қосай бабам бастаған,
Нар халқымның әлі мәңгі есінде.
Кімдерде бар ондай дүлей батырлық,
Қарсы тұрған ажал атты жендетке.
Дұшпандарын жер түбіне батырып,
Ерлік даңқы шарлап жеткен жер көкке.!
Ұмытамыз қалай өшпес ерлігін,
Ғасырлардың өзі берсе жыр жазып.
Өр рухынан жаңғырғандай елдігім,
Тектіліктің тамырынан гүл жарып.
Бар кеңдігі бойға сіңіп даламның,
Таңдай білген Отан үшін жолды айқын.
Ұрпағымыз біз ержүрек бабамның,
Ерлік даңқын келешекке жалғайтын!
Қорғау үшін ел ырысы бақ таңын,
Біз құштармыз білімменен, ғылымға.
Қуат беріп сенім артқан Отаным,
Жолын ашқан ерлікттердің шыңына.
Сыйға тартып маңдай тердің жемісін,
Болашаққа бабаға ұқсап салдық із.
Қайталауға Ер Қосайдың жеңісін,
Әрқашанда сын сынақта дайынбыз!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бауыржан

  • 0
  • 0

Өзеннің арғы жағында
Қасқайып қара жол жатыр,
Ыза,кек ойнап қанында
Қарайды оған ха батыр.

Толық

Дәден ата үні

  • 0
  • 0

Кел, кел балам толқып кетті жүрегім,
Қабыл болсын маған деген тілегің.
Арнап өзің бас иіуге келген соң,
Ағылтайын қалың ойдың тиегін.

Толық

Жалау Мыңбаев

  • 0
  • 0

Қилы заман қызыл тұман шағында,
Адай Ревком елдің бітіп бағына
Өрге сүйреп өжеттікпен нар халқын,
Қолын созған болашақтың таңына.

Толық

Қарап көріңіз