Өлең, жыр, ақындар

Тұрар Рысқұлов

  • 09.06.2019
  • 0
  • 0
  • 7294
Дауылдарда қызыл тұман қаптаған,
Қан жаудырып аштықпенен қапталдан.
Зар жылатып еңіретіп халқымды,
Жер бетінен жоқ қылуға оқталған,
Қарсы шығып қанды тырнақ тажалға,
Сескенбестен қарлы құйын оқтардан.
Белді будың құтқаруға еліңді,
Отаршының табанында тапталған!
Шешіп тастап темір шынжыр бұғауын,
Еркіндіктің ұран қылып толғауын.
Азаттықтың ақ жолы үшін күресіп,
Ақиқаттың алаулаттың алауын!
Сыйға тартып алғаш шаттық бақ құсын,
Ашып беріп өмір атты тынысын.
Кеңейтуге жасыл желек өрісін,
Сынға толы ең қауіпті шақтарда,
Бабалардың жаңғыртырып игі ісін,
Жасай біліп қайсарлықтың үлгісін.
Бел бүкпедің дұшпанымның алдында
Тонатпауға туған елдің ырысын.
Жолатпауға құлдың қорлық таңбасын,
Сен бастадың даналықпен көш басын.
Жиырма жаста ел басқарған қаһарман,
Ұлылығың қалай есте қалмасын!
Қалмас үшін тас түнекте адасып,
Ел тұтқасы бостандыққа жол салып.
Сен көрсеттің таңғажайып ерлікті,
Жалаңтөстей қалың жаумен айхасып.
Жалт ойнаттың жау күмбезі үстінде,
Ел жылатқан Тирандарға от шашып.
Прометейдей аңыз болған қалаулы.
Сен үйреттің елді қалай қорғауды.
Былғамастан адалдығын жүректің,
Жолатпауға алауыздық от дауды,
Бабалардың даңқын сақтап ежелгі,
Көк Бөрілік тектілікті сақтауды.
Қастерлеуге Алты Алаштың бірлігін,
Өрге тартып өмір атты ақ тауды!
Қас батырым, алғаш көсем кемеңгер,
Тірек болып ата жұртқа сүйенер.
Қуат құйдың даналықпен жанына,
Қуансын-деп, шаттансын-деп, сүйген ел!
Ұрпақ үшін жолын жалғап ұлы істің,
Озбырлармен аянбастан алыстың.
Ленинбе, Сталинбе жасқанбай,
Өз халқыңның арын жақтап айтыстың!
Қолдау тапқан бар Түркістан елінен,
Сескенген соң Рух толы үніңнен.
Азияның жарық төккен жұлдызын,
Атқылады ағызуға көгімнен,
Айыруға тектіліктің тегінен.
Бірақ бәрі бос үміт ғой үгілген,
Құрта алмады жеңісіңді өлім де,
Келер ұрпақ тапты архивтер түбінен.
Есіміңді ұран қылды жар салып,
Ұландарың айнымаған өзіңнен!
Шыдай білген тағдыр салған сынаққа,
Айналдың да күн сәулелі ғажапқа.
Ұлылықпен азаттықты ұрандап,
Шуағыңды төге біліп жан-жаққа!
Адамзатты ақыл ойға шақырдың,
Жол бермеуге қызыл қырғын апатқа,
Имандықтық алтын тағын бүлдірмей,
Жету үшін бақыт көзі мұратқа!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мөңке би Тілеуұлының рухымен сырласу

  • 0
  • 0

Күнде келем ескерткішің басына,
Бір ғажайып күш барындай осында.
Сырласамын Рухыңменен үн түнсіз,
Ерік беріп ұшқыр ойлар тасқынға.

Толық

Құлшан әулие ата үні

  • 0
  • 0

Ұлы сырын ұқтыратын ғаламның,
Кәусар бұлақ іздерінде бабаңның.
Ішкен сайын мейір қанып толғанар,
Тарихыңды ізде содан ұланым!

Толық

Шапих Ізбасұлы

  • 0
  • 0

Қайран Шаке! Алатаудай асқағым,
Бүгін менің биіктеді-ау аспаным,
Өз атыңа халқың берген көшеде,
Даналықтың көргендеймін бастауын.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар