Өлең, жыр, ақындар

Шапих Ізбасұлы

  • 09.06.2019
  • 0
  • 0
  • 789
Қайран Шаке! Алатаудай асқағым,
Бүгін менің биіктеді-ау аспаным,
Өз атыңа халқың берген көшеде,
Даналықтың көргендеймін бастауын.
Кең Жылойым, қимастықтан құшаққа ап,
Есіміңді төске жазып асқақтап.
Төккен тердің көріңдер – деп, жемісін,
Келер күнге ой салғандай үн тастап.
Ақын жүрек бәрін қалай сезбесін,
Кеңдігіңмен көшең тауып үйлесім.
Мен емес-ау өзі жырмен жазғандай,
Ізгіліктің мәңгілікке өлмесін!
Сыр да жоқ ғой өзіңізден жасырар,
Әруағың ұлылығын асырар.
Ақыл ойдың жібін жалғар біздерге,
Көбейсе екен сендей дана асылдар!
Бесіктен соң, тосар табыт бәрінде,
Нағыз бақыт өміріңнің мәнінде.
Өшпес ізің өз көшеңнен қол созып,
Жетелейді даналықтың тәжіне!
Шапағаты көпке ортақ жақсының,
Есіміңді жалау қылып жақсы інім.
Сенен қалған нарымызда, барымыз,
Жолдарыңды жалғарма екен Мақсымым!
Топты жарып сөз сөйлесем шешенде,
Бақыт нұры толғандай-ау кесемде.
Өзіңді айтып парызымды өтеп бір,
Кең Жылой – деп, ән салайын көшеңде!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Болатхан Тайжан

  • 0
  • 0

Дақ түсірмей киелі ата - салтына,
Дем біткенше қызмет қылып халқыңа,
Ерліктердің жасап бердің ғажабын,
Қайталанбас болмысы кең нар тұлға!

Толық

Жары Мәтжан ата үні

  • 0
  • 0

Жанқожа –деп, аталатын осы жер,
Кең Жылойға әуел бастан таныс жер.
Осы жерде біз жатырмыз тыныстап,
Сыр айтайын ақын балам бері кел!

Толық

Ақын үні

  • 0
  • 0

Абдырадым мен өзіңді таба алмай,
Қай жердесің асыл баба Еркебай.
Құлыптас жоқ бәрі құмға айналған,
Ғасырлардан жетпей қалған хаттардай.

Толық

Қарап көріңіз