Өлең, жыр, ақындар

Достан ата үні

  • 09.06.2019
  • 0
  • 0
  • 828
Бабаларым ақын ұл деп,қол берген,
Кел, кел, балам, талай қиын жол көрген.
Ақ батасын бермесе егер ұлылар,
Жолың қалай болатынын кім білген?
Құлағыма жетті бүгін дауысың,
Сыр айтайын тебіреніп,ақ құсым.
Тәңір берген ұлы күшпен мен дағы,
Сынық салып алдым елдің алғысын.
Қазаннан да, Қырымнан да ағылған,
Сырқаттарды жазым болып жағылған,
Қуандырып, аяғынан тұрғызып,
Айырмадым өмір атты жазынан.
Жете алмаған жанның ұғып жүрегің,
Хабаршының жықпай әсте тілегін,
Әруағымды ақ ниетпен шақырып,
Мен қамшымды жіберіп – ақ емдедім.
Не жетеді ата жолмен өскенге,
Адал болсаң арамдар деп сескенбе.
Қайыспайтын мықтылықсыз, ерліксіз,
Бақыт таппас бұл өмірден еш пенде.
Ашу үшін даналықтың арнасын,
Жаныңдағы төзім бұлақ солмасын.
Батасы уыз саған берген бабаңның,
Іздерінен ізде ерлік жалғасын.
Тынба, тынба ізденуден,жан балам,
Жігіт емес от боп лаулап жанбаған.
Туың болсын туған жерің Кең Жылыой,
Үнің болсын мынау байтақ кең далаң!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бауыр

  • 0
  • 1

Баспанасыз зардап шеккен соғыстан,
Балғындары қалдырмастан дауылға.
Қара поезд алып жетті алыстан
Тылдағы ел, біздің шалғай ауылға.

Толық

Мен

  • 0
  • 0

Кең Жылыойдай тұғырым – бағым барда,
Жүрек отым – ана тіл,үнім барда,
Бабалардың киелі өсиетін,
Жеткізбеуге ұрпаққа қақым бар ма?

Толық

Басшы ата үні

  • 0
  • 0

Біздер мұнда бесеуміз, ақын балам,
От дауылда қас жаумен алқымда алған.
Алысқанбыз туған ел намысы үшін,
Денемізде сау жер жоқ шарпылмаған.

Толық

Қарап көріңіз