Өлең, жыр, ақындар

Бауыр

  • 07.06.2019
  • 0
  • 1
  • 1893
Баспанасыз зардап шеккен соғыстан,
Балғындары қалдырмастан дауылға.
Қара поезд алып жетті алыстан
Тылдағы ел, біздің шалғай ауылға.
Менің де анам, өз ұлындай қарсы алған,
Туыстықтың мәңгі ұмтылмас ол күні.
Әкелді үйге, өңі боп – боз шаршаған
Көкшіл кездеу,сарғыш шашты баланы.
Бәрімізден әжем бұрын елжіреп,
Құшты барып, құшағына оны орап.
Көптен мейірім көрмеген – ау ол жүрек,
Жанарынан ыршыды жас домалап.
Бақыт тауып, үйіміздің ішінен,
Көздерінде шаттық ойнап,шын күлді.
Кей кездері шошып көрген түсінен,
«Бомбы, бомбы кеп қалды» - деп, шыңғырды.
Ағамыздай болдың жақсы көретін,
Ал анамыз төкті шуақ – сезімін.
Бәрімізден бұрын оған беретін
Күндей қызыл, таба нанның үзімін.
Жақсы хабар келіп тұрса майданнан
Қуанғаннан күлімдеп бір кететін,
Сүйдіруге әжемізге маңдайдан
Ең бірінші құстай ұшып жететін.
Аға болып айтатын ол ақылын
Хат таныдым, одан сауат аштым да.
Ай туғанда сыр бөлісіп ақырын
Жататынбыз жамау көрпе астында.
...Жылдар өтті, бейбіт күннің әні ескен,
Жалғастырды өмір қайта сауығын.
Шығармайды сол күндерін әле естен,
Невадағы менің үлкен бауырым.



Пікірлер (1)

Акежан

Мен бауырым туралы Олен издеп журм

Пікір қалдырыңыз

Дияр ата үні

  • 0
  • 0

Раш әжең сені өсірген аялап,
Көз алдымда алтыншы ауыл сая бақ.
Маңдайыңнан сипау үшін,құлыным,
Барушы едім Жемнен өтіп жаяулап!

Толық

Мұса Жәлелдің соңғы сөзі

  • 0
  • 0

Қанқұйлы Моабит түрмесі,
Ішінде мұңмен жүдедім
Көрмеспін танды келесі,
Сезіп тұр оны жүрегім.

Толық

Қырық қыз туралы аңыз

  • 0
  • 0

Бір ауыл көшіп келіп Қарақұмның,
Алғанда түкпірінде жаңа тыным.
Қияннан ғажайып саз ән келеді,
Самал жел құшағында жалғап үнін.

Толық

Қарап көріңіз