Өлең, жыр, ақындар

Басшы ата үні

  • 08.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1371
Біздер мұнда бесеуміз, ақын балам,
От дауылда қас жаумен алқымда алған.
Алысқанбыз туған ел намысы үшін,
Денемізде сау жер жоқ шарпылмаған.
Жеткенменен жеңіске жараланып,
Ажал сұмға біз қарсы тұра алмадық.
Қан төгіліп боз төбе осы жерде,
Соңғы демді ерлікпен тәмамдадық.
Шешілмеді киінген сауытымыз,
Бұдбұл ұшып бал дәурен ақты жұлдыз.
Бәрі, бәрі сен үшін келер ұрпақ,
Ұмытпасаң біз мәңгі бақыттымыз.
Ұғар болсаң нұрымыз түсер сізге,
Сөгілмейтін іргесі бірлік ізде.
Ырыздығың ортаймай туа берсін,
Пір Бекеттей даналар елімізде.
Тұғырың ғой Кең Жылой ғой темір қазық,
Ата даңқын күтпеген кетер азып.
Өсер бала қақ жарып қараңғыны,
Өз тарихын жеткізер жырмен жазып.
Елім үшін еңіреп қол бастаған,
Қасіретті сәттерде бір саспаған.
Елеусіздеу ой салып жатыр шетте,
Білесіңбе құлыным Арыс бабаң!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жезді

  • 0
  • 0

Доңыз тауға барар жолда Бейнеуден,
Омырауына ғасырлардан күй өрген..
Жезді жатыр көне Жібек сүрлеуде,
Сырлар қанша біздер әлі білмеген.

Толық

Шотан батыр баба үні

  • 0
  • 0

Жырлай білген шексіз-шетсіз даламды,
Кел, кел бермен еркін ойдың ұланы.
Көкте ойнаған нажағайдан от алып,
Ер Қосай мен Бекет болған ұраны!

Толық

Дала үні

  • 0
  • 0

Айта білген мәңгілікке ар әнін,
Біздер куә ерлігіне бабаңның.
Домбырада күймен жазып қалдырған,
Ұлылыққа баспалдақ қыл жолдарын.

Толық

Қарап көріңіз