Өлең, жыр, ақындар

Қырқа бар

  • Bain
  • 26.04.2015
  • 1
  • 2
  • 12725
Қырқа бар Алматының шығысында,
Жатыр сонда жақының, туысың да.
Бұл ғаламды місе етпес қайран жүрек,
Қайтіп жатыр аядай қуысында?!
Өмірді кереметтей жыр қылсақ та,
Кейімесек дауаң жоқ бұл бір шақта.
Біраз күн алдандырып, ауыстырар
Адамды бір құрсақтан бір құрсаққа.
Қырқа бар Алатаудың бауырында,
Сонда жатыр жолдасың, бауырың да.
Апыр-ай, келем бе деп тағы мұнда,
Жөнелер қаның тасып тамырыңда.
Еріксіз Алматының қырына бұл,
Келмесіңе болмайды жылына бір.
Келмесіңе қоймайды.
Кеткендердің бірі - әкең, бірі - шешең, бірі - бауыр.
Бәрі жатыр - сырласың, құрдасың да,
Құдай-ау, құрту ушін туғасың да,
Қуанар ем, осы бір қу қырқаға
Бір-ақ рет оралсам бір ғасырда.



Пікірлер (2)

Нұрсаян

Мұқағали атамыздың өлеңі ұнады мысалы:қырқа бар

Сара

Мұқағали Мақатаевтың Қырқа бар өлеңі ұнады

Пікір қалдырыңыз

Мен деген - ырза, мәз бала

  • 1
  • 3

Достар-ау, қайда тайдыңдар
He берді маған ай-жылдар?
Аздаған менде бақыт бар,
Аз ғана менің қайғым бар.

Толық

Хат

  • 1
  • 6

Саған таныс адыр, қырқа, беттегі,
Жыңғыл, жусан, тобылғылар көктеді.
Рақатта іші-сырты ауылдың,
Қуантсаңшы сен де, сәулем, кеп мені.

Толық

Болашақ ақындарына

  • 1
  • 0

Жыршы, күйші, шешендер!
Болашақтағы ақындар!
Бұл күнім мені маңдытпас,
Кіммін, қандай затым бар?

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер