Өлең, жыр, ақындар

Мен деген - ырза, мәз бала

  • 19.04.2015
  • 1
  • 3
  • 21655
Достар-ау, қайда тайдыңдар
He берді маған ай-жылдар?
Аздаған менде бақыт бар,
Аз ғана менің қайғым бар.
Қалғаны болса айтыңдар.
Айтылған арыз, назға да,
Көктемге, қысқа, жазға да.
Мен деген - ырза, мәз бала.
Рахат көрген аз ғана,
Азап та тартқан аз ғана,
Мен деген - ырза, мәз бала
Сәби қалпымнан қозғама.
Молынан маған бермеген
Бермесе қойсын кенде емен.
Аязды аздап көрген ем,
Ыстықта аздап шөлдегем,
Анасының да ақ сүтін
Айызы қанып ембеген -
Мәз бала, достар, мен деген.
Жыласам-дағы еңбектеп,
Жығылсам-дағы еңбектеп,
Рахат алып аз ғана
Аз ғана еткен еңбектен
Мен деген - ырза, мәз бала,
Мәз болам мынау Жер - Көкке.



Пікірлер (3)

Жанар

Өте мағыналы өлең маған ұнады

Рыздық Аружан

жаман фууууууууууууууууууууууу кринж

Алма

Мұқағали мықты ақын ғой! Ұнады

Пікір қалдырыңыз

He жетпейді?

  • 0
  • 2

- He жетпейді?
Құлпырған маңайың гүл,-
Деп маған,
Ырза болмай, ағайын жүр.

Толық

Төлегенге

  • 1
  • 4

Тұңғыш көрдім өлгенін шын ақынның,
Қызарып батты ертеңгі шығатын күн.
Торғай-өлең шырылдап бара жатты
Аузында ажал дейтін сұрапылдың.

Толық

Біреулерді мерт қылып аламын деп

  • 1
  • 5

Біреулерді мерт қылып аламын деп,
Ашуыма ауыздық саламын кеп.
Тентек іні бетіме тік қараса,
Жасқанамын жандай-ақ залалым көп.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер