Өлең, жыр, ақындар

Шерліқұл әулие үні

  • 08.06.2019
  • 0
  • 0
  • 841
Кел, кел балам, Желтау осы жел ескен,
Көк аспанға қолын созып тілдескен.
Осы жерде мешіт салып ұрпаққа,
Білім нәрін құйдым тыным көрместен.
Кең Жылойым тұғырым да тұрағым,
Мынау менің көзін ашқан бұлағым.
Сусындаған одан сансыз шәкірттер,
Жырға қосып ана тілін шырағын.
Ана тілің ұқсаң өмір тарихың,
Ал тарихын жоғалтқан ел ғаріп күң.
Тірілей-ақ өз жанынан айырылып,
Қалге келмес адам қайтіп танитын.
Болсын десең ата жұрттың ел аман,
Тіліңді сүй, дініңді сүй нәр алған.
Сонда үзілмес бірге біткен кіндігің,
Оттай ыстық сүйген Отан анаңнан!
Ана тілден басталады ел қамы,
Соның үшін арнай біл сен бар әнді.
Ана тілің өз кілті ғой жұмақтың,
Шаң түсірмей таза ұстасаң болғаны!
Табаныңнан суық өтсін, сыз өтсін,
Оның үшін бола біл сен ізетшіл.
Болмысыңды адамзатқа білдірер,
Ол қорғаның, ұлттың рухың күзетшің!
Ұқсаң өмір таң мен батар іңірдей,
Ұшқан құстай өте шығар білінбей.
Ана сүтін анашыңның ақтауға,
Ұлы мақсат алдыңа қой кідірмей!
Аудармасын десең тұлпар сын уақыт,
Өз-өзіңді тани білу зор бақыт.
Сонда ғана сен аңсаған арманың,
Нышан берер құнды ойымен тіл қатып.
Өмір күрес,талас тартыс таусылмас,
Ақылменен әр соқпағын аңдып бас.
Алла берген нығметтен ой ізде,
Ғұмырыңды мәңгілікке тоздырмас.
Көзді тігіп саулық нұрға шұғыла,
Жол салып өт ізгіліктің шыңына.
Қарттарыңды көз тіріде қадірлеп,
Үлгі болып қыз- қонақпен, ұлыңа.
Құран, хадис таныс болса бесіктен,
Іңкәр болар имандықтың жырына.
Еккен дәнің сүлулықпен гүл жарар,
Тіршіліктің өмір атты тыңында!
Туған жерді қуанышқа бөлеген,
Жақсыға ер даналықпен ой өрген.
Адал достық қорған болар қашанда,
Бір-біріне бақыт ғана тілеген.
Күнщілдікпен талап жатса көп иттер,
Көкжалданып мұң азапқа бермеген,
Жанын салап қалың бұлтты сермеген.
Жасай алмас ерлікті істеп кез келген,
Туыстан да артық болып көз көрген.
Сен жабықсаң шуақ төгіп күн болып,
Ал сүрінсең сүйеніш боп дем берген,
Әрдайымда Тәңір өзі қарасып,
Айырмасын иманы мол ерлерден!
Ұмытпа сен үш тіргің бар ұлым,
Арқалаған ақ тілегін арлы елдің.
Ол Төде би, Әйтеке мен Қазыбек,
Сыйға тартқан ақыл ойдың әлемін.
Сен қажысаң шаңға батып сыршыл бақ,
Өсек шайтан сырттан күліп сыпсыңдап.
Жасыма сен қапаланып қайғырып,
Үш бабаңның бұлағын іш сусындап.
Демер олар қарылғашым келді-деп,
Ортаға алып аян беріп елжіреп.
Жалын құяр даналықпен бойыңа,
Бір Алладан таусылмайтын бақ тілеп.
Ұқтыңба ұлым, Кең Жылыойда қаз басқан,
Құшағыңды туған жерден жазбастан.
Жырлай бер сен Бабалардың әр ізін,
Қанат қағып биіктерге талмастан.
Қыдыр болсын әрдайымда жолдасың,
Тәңір өзі ақ жолыңды жалғасын.
Ірі ауылдың ұлы турар ірілеп,
Сол тектілік ұсақталып азбасын!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сұлтан Ғалиев

  • 0
  • 0

Жолдарында Гулаг, Карлаг із қалған,
Қуғын сүргін заманыңда зобалаң.
Келешекке алдын-ала ой салып,
Жетпіс жылда не боларын болжаған.

Толық

Алтын қазық жұлдызым

  • 0
  • 0

Қасиеттің жаққан сансыз шырағын,
Кеудең сенің күмбірлеген жыр ағын.
Жараланса ақын жаным, жан аға,
Ішем сенен сұлулықтың бұлағын.

Толық

Нарынбай батыр үні

  • 0
  • 0

Кел ақыным жазған ерлік дастанын,
Аласұрып кеудеңдегі жас жаның.
Отан атты тарихыңның киелі,
Іздедіңбе туған жерден бастауын.

Толық

Қарап көріңіз