Өлең, жыр, ақындар

Нарынбай батыр үні

  • 08.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1280
Кел ақыным жазған ерлік дастанын,
Аласұрып кеудеңдегі жас жаның.
Отан атты тарихыңның киелі,
Іздедіңбе туған жерден бастауын.
Өшпесін-деп, есімдері жоғалып,
Бабалардың рухынан нәр алып.
Өнеге қып қасиетін кейінге,
Жүргеніңе тебірендім қуанып.
Әуел бастан жырға толы етегі,
Бұлбұлдар мен дүлдүлдердің мекені,
Кең Жылойың ғасырлардың төрінен,
Тыңдай білсең талай сырды шертеді.
Осы жерде туған небір даналар,
Осы жерде біздің батыр бабалар.
Дабыл соғып ерліктерге жар салып,
Таңмен бірге күнде ерте оянар.
Ажал биін дауылдарда ойнаған,
Басқыншылар қызыл қанға тоймаған.
Адамзаттың ақылымен санаспай,
Зұлымдығын бір сәтке де қоймаған,
Қара бұлтпен түнергенде айналам.
Сол бабалар дауысынан күш алып,
Біздер едік беліне ту байлаған.
Түспесін-деп, құлдықтың сор шаңына,
Айбаттанып жауға шапқан шағымда
Сен жүргенсің ана тілім- өмірмен,
Сан бұлқынып менің ыстық қанымда.
Нағыз батыр сын үстінде танылар,
Кең Жылыойда туған ұлдың бағы бар.
Ұлы жолға шығарыңда әуелі,
Бабалардың өсиетін ұғып ал!
Құпия жоқ сенен әсте жасырын,
Айтылар-ау әлі талай жан сырым.
Жалғай біл сен ата баба жолдарын,
Парызыңды ақтай біліп асылым.
Ал адассаң иманыңды жоғалтып,
Ұлтыңның да, еліңнің де жоғы анық.
Кеткенімде мәңгілікке құрдымға,
Мәңгұртіктің қыл бұрауын қолға алып.
Хайуандай қарын тойса сай күні,
Көрмес үшін мұндай азап қайғыны.
Тіліңді сүй, дініңді сүй жан балам,
Бабаларың болған сенің айбынды!
Жарқын болсын алда көрер күндерің,
Жақсылық ғой арнап маған келгенің,
Алла саған нұрын төксін жан балам,
Дауысымды жеткіз елге сен менің!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Аққу ақын

  • 0
  • 0

Тәңір өзі адамзатқа сый еткен,
Жаралғаны болмаса ет сүйектен.
Аққуы еді, киесі еді Алаштың,
Сұлулықпен кең әлемге жыр төккен.

Толық

Мұстафа Шоқайұлы

  • 0
  • 0

Өрмекшінің құрған бейне торындай,
Қызыл соққан түрмелерге ұрынбай.
Қуғындалдың зорлықпенен жат елге,
Енесінен ерте айрылған құлындай.

Толық

Заманының заңғары

  • 0
  • 0

Елдің жүгін қара нардай көтерген,
Ағалар бар орақ ауыз от өрген.
Қазақ Рухын асқақтатып әлемге,
Сұлулығын соғып берген « Үркерден».

Толық

Қарап көріңіз