Өлең, жыр, ақындар

Сұлтан Ғалиев

  • 09.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1093
Жолдарында Гулаг, Карлаг із қалған,
Қуғын сүргін заманыңда зобалаң.
Келешекке алдын-ала ой салып,
Жетпіс жылда не боларын болжаған.
Таңданасың ойшыл дана шешенге,
Тайсалмастан қанды балақ көсемге.
Россия диктатура көзі-деп,
Кесіп айтқан ем іздеуге кеселге.
Зорлықпенен қаланған соң іргесі,
Ол өтпелі күнін кешер өлмеші.
Шығыс қалар солған сорлы күйінде,
Жем қылған соң қызыл иттің бүргесі.
Жасқанбастан жалтақтамай ешкімге,
Ол сәулесін төкті түнек тас күнде.
Адамзатты ізгілікке шақырып,
Орнау үшін Теңдік жердің үстінде.
Құрсаудағы мұзды жарған кемедей,
Оны үні ұмтылғанда күнге өрлей.
Қасіреттің қайғы бұлты түнеріп,
Алдын кешті әділдікке жол бермей.
Сарқылмасқа еркіндіктің қайнары,
Жету үшін ұрпағыңа ойлары.
Қайран сабаз көріпкелді данышпан
Ел есінде мәңгі алауға айналды.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұлы қолбасшы Табын Қараұлы Бөкенбай батыр

  • 0
  • 0

О, Әулием ғасырларға ту ілген,
Ерлік даңқың аңыз жырмен төгілген.
Қалың жауды жеңіп талай қол бастап,
Орын алған туған елдің төрінен.

Толық

Ермұхан Бекмаханов

  • 0
  • 0

Озбырлықпен қанды қылыш тағынған,
Сескенбестен империя тағынан.
Улы бұлтын серпіп тастап ерлікпен,
Айрылмасқа ұлттық рух танымнан.

Толық

Оралмаған солдаттар

  • 0
  • 0

Басыңды ій, ұлым, алда зират бар,
Бір кездегі қамал болған қыраттар.
Жатыр мұнда біздер үшін жан қиған,
Туған елге оралмаған солдаттар.

Толық

Қарап көріңіз