Өлең, жыр, ақындар

Ақын үні

  • 08.06.2019
  • 0
  • 0
  • 990
Ассалаумалайкум!
Қарашүңгіл киелім,
Кеудемдегі күмбірлеген күйме едің?!
Аңсап келдім сағынышпен өзіңе,
Ақпа жырдың ағылтып ой тиегін.
Сан ғасырлық өн бойына сыр түйген,
Тебіреніп бір тіл қатшы әулием.
Қайда сенің алтын бұлақ бастауың,
Барша қазақ қадір тұтып бас иген.
Өзі берген ырыздығын Құдайым,
Астанасы теңіз тектес мұнайдың.
Арнап келдім бабам ізін көрмекке,
Құшағыңды аш емін еркін аунайын.!
Жыры сенде, сыры сенде ғажаптың,
Ұлғылаған еркіндігін азаттың.
Білеме екен киелім-ау осы жұрт,
Жұмысшысын сенен шыққан қазақтың?!
Осы жермен тағдыры бір қосылған,
От кеудесін тербеп үміт асыл ән.
Келешекке түйе арбамен жол салып,
Мұнайыңды Ракушкіге тасыған.
Жолдар жатыр ішіне сыр бөктеріп,
Жанам деген жүректерге от беріп.
Ұлылығы ұран салып ұрпаққа,
Намыс туын баба ізінен көкке іліп!
Ақын да өзі жырау да өзі даламның,
Сұлулығы осында ғой ғаламның.
Қарашүңгүл-астанасы мұнайдың,
Қарашүңгүл үнісің сен бабамның!
Сөйле, сөйле шежірелі абызым,
Елің білген мұнайыңның маңызын.
Бүгін тойда күмбірлетіп күй төксін,
Қолыңдағы ғасыр атты қобызың!
Біз тыңдайық еміреніп сүйсініп,
Шуағыңнан кеудемізге нұр сіңіп.
Сенің сырың-бабам сыры ой толы,
Туған елге тілей білген молшылық!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Абдолла Ахун ата үні

  • 0
  • 0

Ата салтын сыйлағанға жол болған,
Ол жайында сыр шертеді кең далаң.
Адамзаттың есен – аман саулығы
Бір Алланың еркінде ғой, жан балам!

Толық

Құлсары ата үні

  • 0
  • 0

Отаныңның биіктетер аспанын,
Шәкірттердің нұрға бөлеп жас жанын.
Жетелеген білім таудың шыңына,
Ел, ел емес сыйламаған ұстазын.

Толық

Дауылпаз жырау Сүгірім

  • 0
  • 1

Ақ нұрына орап күн - айдың,
Өзі арнап берген Құдайдың.
Дауылпаз жырау Сүгірім,
Бұлағындай мөлдір қайнардың,

Толық

Қарап көріңіз