Өлең, жыр, ақындар

Дауылпаз жырау Сүгірім

  • 07.06.2019
  • 0
  • 1
  • 1194
Ақ нұрына орап күн - айдың,
Өзі арнап берген Құдайдың.
Дауылпаз жырау Сүгірім,
Бұлағындай мөлдір қайнардың,
Ағылтып маржан сөз майын.
Асқақтатқан өр рухын,
Жауынгер халық Адайдың.!
Ақ жауындай төгілген,
Қуат алып тегінен.
Бабалар даңқын қайталап,
Жалын да болып өрілген,
Сахара байтақ далада,
Жүйріктікпен жан салмай,
Құлан да болып көрінген.
Нажағайдай бұлт тілген,
Шуақта болып өрілген.
Құт мекенді ата-жұрт,
Маңғыстаудың төрінен.
Аққуларға ән қосып,
Бірге болып еліммен.
Шыға біліп сенімнен,
Ақиқатты ту қылып,
Сескенбеген өлімнен.
Халқының үнін жақтаған,
Ізденіп тыным таппаған.
Жұтқыны үшін иіліп,
Ешқашан харам татпаған.
Достыққа жаны адал боп,
Ешкімді жауға сатпаған.
Дариядай тасып кеудеде,
Ағын жыр бойға сыймаған.
Құдайы қонақ кез келсе,
Құрметтеген сыйлаған,
Бар тілегін ақтаған,
Теңіздей шалқып шаттанған!
Ізгіліктен жол салып,
Абыройын берік сақтаған.
Жақсылыққа құмар боп,
Құраннан аят жаттаған.
Ұрпақтың ойлап ертеңін,
Ерліктің жырын ақтарған
Қалмас үшін қапыда,
Батырлықты құптаған.
Арып-ашып ел үшін,
Азаттықтың тілеп жеңісін
Құрыш болат жігермен,
Сыйға тартып жемісін,
Терең оймен дем салып,
Кеңейтіп елдің тынысын
Молайтқан байлық ырысын.
Әруақты менің жан бабам,
Өнегеңменен ұлысың!



Пікірлер (1)

Myrza

Өте керемет

Пікір қалдырыңыз

Қара шүңгіл әулие ата үні

  • 0
  • 0

Әсем сазын туған жерге арнаған,
Кел, кел бермен жақындашы жан балам.
Осы жерден өтіп сансыз керуен,
Азияңды Евразияменен жалғаған.

Толық

Арыс баба үні

  • 0
  • 0

Ерлігімнен өшпейтін көздеп белгі,
Жырларыңмен тербетіп іздерімді.
Тебіреніп келдіңбе ақын балам,
Сағыныштан сарғайып іздеп мені.

Толық

Ахмет Байтұрсынов

  • 0
  • 0

Ана тілім өлмеуі үшін қансырап,
От жаныңды мазалаумен сан сұрақ.
Қамын ойлап түнек басқан халқымның,
Көзін ашып, бола білдің шамшырақ.

Толық

Қарап көріңіз