Өлең, жыр, ақындар

Құлсары ата үні

  • 08.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1393
Отаныңның биіктетер аспанын,
Шәкірттердің нұрға бөлеп жас жанын.
Жетелеген білім таудың шыңына,
Ел, ел емес сыйламаған ұстазын.
Күн көрісі қиын болса зиялы,
Білім нұрын айтшы қалай құяды.
Ойға шомып өзің айтшы анықтап,
Мұның өзі қай заңыңа сияды.
Әлеуметтік болмаса егер әділет,
Туған халқың күннен күнге әлсіреп.
Надандықтың түсіп улы торына,
Қияметтен тартар азап қасірет.
Жарадайын әбден ісіп асқынған,
Алауыздық қабығы боп ашылған.
Қайрымсыздық ірің жайлап еліңді,
Иман кетер ел билеген басшыдан.
Өз халқына қорған болған әрдайым,
Жаны кемел басшы болса Күн-Айың.
Әділдіктің ақ жолымен жол бастап,
Лайлаттырмас адалдықтың қайнарын.
Айтты деме ұлым мұны бекерге,
Ақиқатсыз ел арманға жетерме?
Парасатпен даналық ой жарасып,
Қуат берсін асулардан өтерде.
Әсемдікпен көрем десең жазыңды,
Әдеп нұрмен өсір ұл мен қызыңды.
Ана сүтін ақтайтындай ер болып,
Қызмет қылар иман болып жұлдызы.
Туғаныңнан алтын бесік арнаған,
Ата жұртта ең әдемі арман ән.
Перзенті боп соны ұғынған нағыз ер,
Бабалардың ерлік даңқын жалғаған.
Парызыңды ел алдында ұмытпай,
Күнде ескер бұл сөзімді жан балам.
Ата берсін тыныштықпен жарық күн,
Ынтымақты сорын кешпес тарлықтың.
Туған елдің болашағы ойласаң,
Бірлігінде Түрік тектес халықтың!
Бәрін дағы ақылға сал асықпа,
Сақтана алсаң пәле жүрер қашықта.
Ең жаманы туған халқың сен сүйген,
Тап болмасын Рухани аштыққа!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

О, Шәуілдір

  • 0
  • 0

О, Шәуілдір, Шәуілдір,
Көк аспаның көгілдір.
Шөл қыстаған кеудеме,
Жыр бұлағын төгілдір.

Толық

Аққулар үні

  • 0
  • 0

Кел ақын кімді іздедің сағынышпен,
Бұл дала мұңға батып сағым ішкен.
Қаншама сырды жатыр бұғып ішке,
Сөйлесе шығарардай жалын іштен.

Толық

Абыз аға

  • 0
  • 0

Абыз аға, асыл аға ел сүйген,
Дауыл кешіп ерліктермен есейген.
Сәуле шашып бар маңайға ақ таңдай,
Өн бойыңа қайрат жігер күш берген.

Толық

Қарап көріңіз