Өлең, жыр, ақындар

Аққу ақын

  • 09.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2662
(Сәкен Сейфуллин рухына)

Тәңір өзі адамзатқа сый еткен,
Жаралғаны болмаса ет сүйектен.
Аққуы еді, киесі еді Алаштың,
Сұлулықпен кең әлемге жыр төккен.
Асылдығы, әсемдігі бір бөлек,
Халқы ұйып тыңдаушы еді елжіреп.
Ол сайраса би билейтін сексен көл,
Сексен ару нұр төккендей күлімдеп.
Қалмау үшін тіршілікте арманда,
Жез киіктер әнін тыңдап даламда.
Табиғатпен егіз біткен Сәкен-деп,
Асығатын үнін іліп ғаламға.
Өзі де оның ала білген сый елден,
Жомарт еді, жұртын жебеп сүйеген.
Көктемдегі жұлдыздардай сүйкімді,
Жаны жарқын ізгіліктен күй өрген!
Туған елдің көтеруге еңсесін,
Ақыл ойдан тапқан еді ол сенім.
Құтқаруға бодандықтан құлдықтан,
Қару қылып әділеттің семсерін.
Оның үні кең даламдай аңқылдап,
Сырын шертсе бір туғандай ел тыңдап.
Ұмтылатын теңдік үшін күреске
Қайырымсыз озбырлықты алқымдап!
Даналықпен елге болып шамшырақ,
Жаққанында алаулатып сан шырақ.
Үрейленіп шыңдық толы үнінен,
Отаршылдар торға салды тұтқындап.
Айдап салып қызыл көзді ұрпағын,
Шоққа басып күйдіргенмен тырнағын.
Аққу ақын көк зеңгірге кетті ұшып,
Тарту қылып кең әлемге мұңды әнін!
Құшағында сағыныштың сазы мол,
Көктем сайын оралады еліне ол.
Аққулардың тізбегінен жар салып,
Оңайлықпен келмегенін ұлы жол!
Ақиқаттан іздеп өткен арманын,
Сырын ұғып мәрттен туған ағаның.
Ерлік даңқын келер ұрпақ білсін-деп,
Үн тастаймын дауысымен ғаламның!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бауыржан

  • 0
  • 0

Өзеннің арғы жағында
Қасқайып қара жол жатыр,
Ыза,кек ойнап қанында
Қарайды оған ха батыр.

Толық

Жиырма бес жаста жалынды

  • 0
  • 0

Жиырма бес жаста жалынды,
Қарсы алып алтын таңымды.
Жетектеп көңіл нарымды,
Толғантым оймен жанымды.

Толық

Қараша ата үні

  • 0
  • 0

Қадір тұтып киелі ізгі халқын,
Бабалардың жырлаған ерлік даңқын.
Ақын ұлым кел бермен жақындашы,
Сыр шертейін өзіңе жаны жарқын.

Толық

Қарап көріңіз