Өлең, жыр, ақындар

Жезді

  • 07.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1225
Қара ойы қасиетті Маңғыстаудың,
Жерленіп жеті жұрттың көшкен жері. (Халық жыры)

Доңыз тауға барар жолда Бейнеуден,
Омырауына ғасырлардан күй өрген..
Жезді жатыр көне Жібек сүрлеуде,
Сырлар қанша біздер әлі білмеген.
Астанасы Оғыздардың алғашқы,
Араласып Дайлар еркін төрге енген!
Құлыптастар тас кітаптар ежелгі,
Ойға салар бастан өткен кезеңді.
Ата қоңыс Маңғыстауды жыр қылып,
Абыздардай ағылады өздері.
Осы жерде Оғыз-Қыпшақ бас қосып,
Таңдандырған бірлігімен өзге елді!
Жазып кеткен таңбалы тасқа бәрінде,
Жиырма төрт тайпа, белгілерін көрдіңбе.
Ғайып болған қанша шаһар, қамал бар,
Ұлан байтақ сенің туған еліңде.
Тарихыңды жеткізе біл ұрпаққа,
Тартып өссін Көк Бөрілік тегіңе!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Концлагерьде туған қыз

  • 0
  • 0

Құтылып дүлей бораннан,
Жым – жырт жатқан даланы – ай.
Көк майсаға оранған,
Бейкүнә сәби баладай.

Толық

Жарық жұлдыз

  • 0
  • 0

Биігінде Абай атты шың құздың,
Өзіндей боп жарқыраған жұлдыздың.
Жырларымен жылу төгіп халқыма,
Өрге тартып болам деген ұл-қызын.

Толық

Мен

  • 0
  • 0

Елім барда еңсесі жығылмаған,
Тілім барда кеудемде жалындаған.
Туған елдің күмбірлер үні болмай,
Бауырым-ау, қалайша тыным табам.

Толық

Қарап көріңіз