Өлең, жыр, ақындар

Шотан батыр баба үні

  • 08.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1390
Жырлай білген шексіз-шетсіз даламды,
Кел, кел бермен еркін ойдың ұланы.
Көкте ойнаған нажағайдан от алып,
Ер Қосай мен Бекет болған ұраны!
Құшақ ашық сен дегенде құлыным,
Жалғасы сен менің ерлік жырымның.
Қандарыңда бізден сіңген тектілік,
Жоғалтпасын қасиетті ғұмырын.
Дақ түспесін баба рухы Адайға,
Жамандықты жолатпаңдар маңайға.
Қайсарлықты үлгі еткенбіз сендерге,
Ер болсын-деп, жалбарынып Құдайға!
Қан майданда кешіп отты жалынды,
Елім үшін қиып жастық шағымды.
Жеткізсек-деп, азаттықтың ақ таңын,
Сендер үшін төккенмін мен қанымды.
Ұмытпасаң намыс-бірлік әніңді,
Ұрпақтарым бақыт құшар бәріңді.
Жайнай берсін келер жарқын күндерің,
Әділеттен айырмасын төріңді!
Құламасын дана Қаратауларың,
Дарытпасын қайғы деген кәріңді!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Оралмаған солдаттар

  • 0
  • 0

Басыңды ій, ұлым, алда зират бар,
Бір кездегі қамал болған қыраттар.
Жатыр мұнда біздер үшін жан қиған,
Туған елге оралмаған солдаттар.

Толық

Отман тау

  • 0
  • 0

Жер бетінде болсыншы – деп, жақсылық,
Адамзатты наурыз тойға шақырып.
Отман тауда отын жақты бабамның,
Қалың Адай ерлік әнін шалқытып.

Толық

Батырлар рухына тағзым!

  • 0
  • 1

Қан майданнан оралмаған,
Елестетіп солдаттарды.
Жеңіс күні досым маған,
Тебіренте сыр ақтарды.

Толық

Қарап көріңіз