Өлең, жыр, ақындар

Бақашы әулие баба үні

  • 08.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1833
Құлдықты бас көтермей кім қостаған,
Ханымыз Әбілхайыр қол бастаған.
Ерлермен еркіндікке дабыл ұрып,
Бұл жерде Қалмақтармен өтті майдан.
Тілегін атын айтса екі етпеген,
Алшындар атақты ғой Бекетпенен.
Ұл қызы жауынгерлер жауға сұсты,
Ондай ел көріппе едің жер бетінен.
Дұшпаннан кегін алып төсін жарып,
Найзамен бұлтты тіліп төгіп жарық.
Жеңіске ынтық болып өршелене,
Ерлікпен азаттықтың жолын салдық
Бір оқтық деген бар ғой батыр жаны,
Бұл соғыс кімді сорға батырмады.
Оқыста қас жауымнан жараланып,
Бұйырды осы жердің топырағы.
Жас едім елім үшін жанын түйген,
Шыға алмай амалсыздан шерлі күйден,
Амалсыз сіңе бердім тас түнекке,
Салем де бір қарт көрсең Шөмекейден!
Өр Рухым қанат берер сан асуда,
Келіп тұр ақын ұлым сырласуға.
Ар-намыс желбіреген туың болсын,
Тіге біл ақиқаттың шың басына!
Түсінсең бұл сырымды ақын тумам,
Кімдер бар жер бетінде мәңгі тұрған.
Байқасаң адамзаттың бітпес дауы,
Адасып қол үзуі иманынан!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Иә, Бекет!

  • 0
  • 0

Жан ата, Алты Алашым ұран қылған,
Тылсым үн кетпей қойып құлағымнан.
Отанды өзіңе ұқсап сүйе біліп,
Шықсам деп, сағыныштың құмарынан.

Толық

Абыз аға

  • 0
  • 0

Абыз аға, асыл аға ел сүйген,
Дауыл кешіп ерліктермен есейген.
Сәуле шашып бар маңайға ақ таңдай,
Өн бойыңа қайрат жігер күш берген.

Толық

Адайдың жүйрік Ақтаны

  • 0
  • 0

Адайдың жүйрік Ақтаны,
Алты Алаштың мақтаны.
Мәңгілік мұра қалдырған,
Халқымның өшпес отты әні.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар