Өлең, жыр, ақындар

Иә, Бекет!

  • 07.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1048
Жан ата, Алты Алашым ұран қылған,
Тылсым үн кетпей қойып құлағымнан.
Отанды өзіңе ұқсап сүйе біліп,
Шықсам деп, сағыныштың құмарынан.
Алыстан өзіңді аңсап, шөлдеп келдім,
Рұқсат бер сусындайын бұлағыңнан.
Қазақтың таңдандырған кең даласын,
Ұғынып әр киеңнің әр саласын.
Әрдайым есіміңді жырға қосқан,
Ұрпағың жаңғыртсыншы ой – санасын.
Бойыма даналықтың нәрін құйған.
Иә Бекет – Білім бұлақ, кең дариям.
Сен десем, өз ұлым деп, шаттанады,
Кең жылой – күн бесігім алтын ұям!
Иә, Бекет! Шұғылалы аппақ таңым,
Сен десе өн бойымда тулап қаным.
Ізіңнен сұлулықтың нәрін жұтып,
Жанымнан ақ жауын жыр ақтарамын!
Иә, Бекет – елдігімсің, ерлігімсің,
Арым мен намыс толы өрлігімсің.
Өзің деп, жау жүректі айбынды Адай,
Айқасқан қалың жаумен елім үшін.
Иә, Бекет – Мәңгілік жыр бас ұраным,
Алдыңда тағзым етіп бас ұраным.
Мен өзі Бекет атты ұлы сөзден,
Естимін ақпа күйін ғасырлардың!
Иә, Бекет! Көк байрағым көгімдегі,
Иә, Бекет! Иман құтым төрімдегі.
Иә, Бекет! Қателесіп жаңылыссам,
Түсіме аян беріп кешір мені!
Өзің деп, күмбірлеген жалын күймен,
Жарқылдап жанартаудай жырды сүйген.
Ізіңнен желкен құрған бір ұлың ем,
Демей гөр өзің жар болып,
О, Әулием!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ата рухыменен сырласу

  • 0
  • 0

Жан атам ерлік толы жыр дастаным,
Қалайша бұған дейін сыр ашпадың.
Алдымда әулиемдей тұрсың міне,
Ойлардың сыйға тартып ең асқағын.

Толық

Рахымжан Отарбаев

  • 0
  • 0

Кең әлемге қазағымды танытқан,
Дара туған тума талант жарық таң.
Шуақ төгіп адамзатқа ой салып,
Сөз маржанын дариядай ағылтқан.

Толық

Қара нар

  • 0
  • 0

Ассалаумалейкум!
Мұнайдан өскен киелім,
Кеудемдегі күмбірлеген күй ме едің,
Сәлемдерін қарттарымның арқалап,

Толық

Қарап көріңіз