Өлең, жыр, ақындар

Көтібар батыр үні

  • 08.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2213
Бодандықтың бұйдасына шаталып,
Көрдік ұлым адам көрмес қаталдық.
Өшпесін-деп, дінің,тілің ай-күнің,
Мәңгі майдан күресіне атандық!
Біз алыстық дем біткенше ақырғы,
Биік ұстап Алаш ұран атыңды.
Нәр алсын-деп, тамырыңнан тереңнен,
Сақтау үшін ата мұра салтыңды.
Көрем десең бақыт шамын төріңнің,
Қадірін біл жас кезіңнен еліңнің.
Серпіл, серпіл бабаң тартқан жебедей,
Ақтау үшін сенім артқан сенімін.
Бола білер әрдайымда қорғаны,
Туған ел ғой ер жігіттің арманы.
Бүкіл Алаш қуанышпен тойлайтын,
Нағыз тойың тарқамайтын алда әлі.
Ақын балам тебіреніп ой кешкен,
Келіп тұр сен сырласуға үзбестен.
От кеудеңде дем біткенше жаңғырып,
Өшпей жүрсін ұрпаққа айтар сөз кестем!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Басшы ата үні

  • 0
  • 0

Біздер мұнда бесеуміз, ақын балам,
От дауылда қас жаумен алқымда алған.
Алысқанбыз туған ел намысы үшін,
Денемізде сау жер жоқ шарпылмаған.

Толық

Концлагерьде туған қыз

  • 0
  • 0

Құтылып дүлей бораннан,
Жым – жырт жатқан даланы – ай.
Көк майсаға оранған,
Бейкүнә сәби баладай.

Толық

Қазыбек би

  • 0
  • 0

Өн бойыңда қырағылық,
Бұлақ ашып таңнан тұрып.
Елді ағартып талмай үміт,
Ата дәстүр таңдай ғұрып

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар