Өлең, жыр, ақындар

Адай жылқысы

  • 07.06.2019
  • 0
  • 0
  • 5207
Бабалар баптай біліп жүдетпеген,
Адайдың жылқысына жел жетпеген.
Көргенде шабысына таңданасың,
Түк емес адам ойы жүйрік деген.
Одан да ұшқырма -деп, ой кезесің,
Қиялдың еркін бойлап кең өлкесін.
Шаншылып атылғанда алды артымен,
Кім оның жүгенінен тартып көрген.
Даланың дүлей перзент қыл құйрығы,
Жаза алған тұяғымен көркем өлең.
Бауырым ақын болсаң жеткіз елге,
Ұрпағың қуат алсын өршіл үннен.
Шөл дала құмды дауыл арасынан,
Түтеген қарлы құйын борасыннан.
Сескенбей өте білген бұл жүйрікті,
Ұстаған ер жігіттің бағы ашылған.
Ешкімге бәйге бермес ол барында,
Тәңірім өзі Алашқа қарастырған.
Каспийдің аласұрған толқындары,
Қуанып шашу шашып жағасынан,
Ол жәйлі ақтарады толассыз ән!
Мұндайда тебіреніп күй шертпесең,
Бауырым өзің айтшы болама сән!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиырма бес жаста жалынды

  • 0
  • 0

Жиырма бес жаста жалынды,
Қарсы алып алтын таңымды.
Жетектеп көңіл нарымды,
Толғантым оймен жанымды.

Толық

Балжігіттің киіз үйі

  • 0
  • 0

Кең әлемнен басын қосып бар қазақ,
Қуанғанда астанада той жасап.
Қонақтарға арнап сыйға тігілген,
Балжігіттің киіз үйі-ай бір ғажап.

Толық

Ұлытау

  • 0
  • 0

О, Ұлытау - қазағымның бесігі,
Сенде түзеп бабаларым көшімді.
Жау төнгенде қара бұлттай жан–жақтан,
Қалқан қылған оқ өтпейтін төсіңді.

Толық

Қарап көріңіз