Өлең, жыр, ақындар

Ұлытау

  • 07.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1919
О, Ұлытау - қазағымның бесігі,
Сенде түзеп бабаларым көшімді.
Жау төнгенде қара бұлттай жан–жақтан,
Қалқан қылған оқ өтпейтін төсіңді.
Күш жинаған қуат алған өзіңнен,
Қайтаруға қасірет түнек кесірді!
Айрылмаған өмір атты жазынан,
Сен кітапсың ұлылығым жазылған.
Әр тасыңда қолтаңбасы бабамның,
Сыр жеткізіп ерлік даңқ сазынан,
Аманатқа ұрпағына қол қойып,
Ақыл ойды парасатпен оздырған.
Киелі тау өзісің сен ғажаптың,
Қазына толы сарайыңды бұзбақ кім?
Тамырындай ғасырлардың солқылдап,
Төзімменен түрін көрген азаптың.
Кең әлемге дауыс салған бармын-деп,
Жүрегіндей көрінесің қазақтың!
Еліктемей солықтамай ешкімге,
Қарсы тұрған өлімге де тас түнге.
Жошым менен Алаша хан да өзіңсің,
Тарихымның сырын шерткен төске іле.
О, Ұлытау тірек болған киелім,
Тектілігім бойдан кетсе кешірме!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұлылық

  • 0
  • 0

Сескенбей қызыл дауылдан,
Жетсе де тозақ азабы.
Ата жолдан жаңылмай,
Құлқынның болмай мазағы,

Толық

Халқының ұлы перзенті

  • 0
  • 0

Даналықпен серік қылып пәк арды,
Заманының қайсар өжет адамы.
Қызыл тұман құрсауында адаспай,
Жасай білдің болашаққа қадамды.

Толық

Адайдың жүйрік Ақтаны

  • 0
  • 0

Адайдың жүйрік Ақтаны,
Алты Алаштың мақтаны.
Мәңгілік мұра қалдырған,
Халқымның өшпес отты әні.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар