Өлең, жыр, ақындар

Балжігіттің киіз үйі

  • 07.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1071
Кең әлемнен басын қосып бар қазақ,
Қуанғанда астанада той жасап.
Қонақтарға арнап сыйға тігілген,
Балжігіттің киіз үйі-ай бір ғажап.
Сұлулығы көзді тартып еріксіз,
Қиял ойға батқаныңда елітіп сіз.
Көз алдыңа елестейді бабалар,
Күн кешпеген арғымақсыз, жүйріксіз.
Қалай өзі шеберлікпен жасалған,
Босағадан бастап ою қашалған.
Сезіміңді билеп алып еріксіз,
Өлмес өнер келер күндей жасарған.
Тап болғандай жұпар иісті жұмаққа,
Жаның балқып, мініп қиял жыр атқа.
Көңіл шалқып, ән салғың кеп тұрғаны,
Жеткендей бір аңсап күткен мұратқа.
Адай қызы, саусағынан бал тамған,
Жанбөпе апа қандай ғажап қол таңбаң.
Эрмитажды киіз үйге сидырып,
Кең Жылойдың қас шебері атанған.
Құшағыңа оттай ыстық дем берген,
Сен өсірген асыл он үш немерең.
Өрнегіңнен есімдерін қызықтап,
Өздері оқып қуанышқа кенелген.
Бар осында, Мейіржанның, Маржанның,
Қайыржанның,Інжу, дарын Телжаның
Сәлімжан мен Әлімжанның үні бар,
Дауысына қуат қосқан Майраның.
Жаратылған жырлау үшін ақынға,
Дара туған Тоты қызың бар мұнда.
Бұлқынады Бақытжан мен Бұлбұлың,
Ұқсап бейне дөңбекшіген толқынға,
Өзің зерлеп соғып кеткен алтын ба?
Он үш ұлың, он үш уық немерең,
Айнымайды ақ желкенді кемеден.
Сиқыр тілмен салған бәрін өрнектеп,
Абзал ана, өшпес мұра өнегең.
Сен тудырған мұнда асыл бұйымдар,
Сұлулықтың сазыменен құйып нәр.
Достан атам қамшысынан жыр болып,
От кеудеме шуақ төгіп құйылар.
О, әруақ! Ел сыйлаған сынықшым,
Сырласайын ақын кеудем жыр ұқсын.
Сен жеткізген ұрпағыңа киіз үй,
Секілденді-ау Алатауда биік шың!
Сәулеттеніп Кең Жылойға сән берер,
Балжігітке сенен біткен сан өнер.
Желбірейді астанада ту болып,
Қызықтауда таңдай қағып бүкіл ел!
Шуағы мол, өзің жаққан ақ таңың,
Өшпес мәңгі кеудемдегі от әнім.
Өр киеңді кадір тұтып жанына,
Қонақ күткен құшақ ашып Қапаның.
Ата-жұрттан алыс кеткен шетелдік,
Қандастарым сөз ұққандай шешендік.
Туған елмен табысқандай осы үйде,
Елжірейді мұсылмандық көшке еріп.
Көңілдері алып-ұшып кеудеде,
Қуанышын жасыра алмай білгенге.
Балжігіттің киіз үйін ордам-деп,
Ән салғаны-ай сағынышпен келгенде.
Шәйі қандай құйған Ырысты апамның,
Нұр шуағы қосылған ба ақ таңның.
Сыртта төкті нөсерлетіп ақ жауын,
Рухы боп менің Достан атамның!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жылойдан шыққан Сусанин

  • 0
  • 0

Жанталасып жатыр жау,
Жоспары күллі көкке ұшып.
Ұясы қанды тарылды – ау,
Келеді шарпып,от кешіп.

Толық

Азаттық жаршысы

  • 0
  • 0

Менің елім босана алмай құрсаудан,
Дем жұтқанда құлдық соры у шаңнан.
Әшкерелеп зұлымдығын патшаның,
Өзің едің жан дауыспен жар салған.

Толық

Майра Мұхамедқызы

  • 0
  • 0

Жүзе біліп ағысы мол тереңді,
Қазақ қызы мойындатқан әлемді.
Ой салады еріксізден жаныңа,
Пейілі оның айтшы неткен кең еді.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар