Өлең, жыр, ақындар

Мұса Жәлелдің соңғы сөзі

  • 07.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2398
Қанқұйлы Моабит түрмесі,
Ішінде мұңмен жүдедім
Көрмеспін танды келесі,
Сезіп тұр оны жүрегім.
Кесілген өлім жазасы,
Өртенбек ертең жас тәңім,
Соңғы рет досым тыңдашы,
Тыншысын бойда от қаным.
Бақ айдап бәлкім туысқан,
Ақ күнің туып көгіңде.
Құтылсаң қанды уыстан,
Айтарсың сәлем еліме.
Қырық рет қара өліммен,
Бетпе – бет келіп тілдестім
Қырық рет жаңа өмірмен,
Шындықты айтып мұң кештім.
Ұғынсын қызым, жан – жарым,
Анығын сұмдық бұл істің
Шебінде алғы майданның,
Жаралы қалып,у іштім.
Өле алмай қалдым шайқаста,
Келмеді солдат ажалы
Болмады менде ой басқа
От алмай оғым қалғаны.
Сындырмай бірақ сағымды,
Ерлікпен қайсар табыстым
Қару қып отты жырымды,
Жауыммен залым алыстым.
Кір шалмады антымды,
Ақса да қаным тамшылап
Айтшы дос,аманатымды,
Артымда жансын шамшырақ.
Жеткізші Моабит дәптерін,
Кең байтақ өскен еліме.
Қанатын қақсын кептерім,
Қалықтап ұшып көгінде.
Арнадым ізгі күреске,
Жанымның ыстық от әнін.
Өзіңе қосқан үлесте,
Туған ел сүйген арманым.
Сәлем де,досым,сәлем де,
Мен болып құшып сен бәрін
Ажалды ақын жеңген де,
Ерлігім,өшпес жырларым.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Есентемір ата үні

  • 0
  • 0

Тамыр тартып тарихыңнан тереңнен,
Қуат беріп махаббатқа бөлеген.
Ата мекен әркімге де тым ыстық,
Алға тартқан өмір атты кемемен.

Толық

Абай бабам

  • 0
  • 0

Абай бабам! Киелі пірім менің,
Адамзатқа нұр төккен күнім бе едің?!
Шуағыңды ала бұлт тұмшаласа
Боз торғайдай мұз кешкен дірілдедім.

Толық

Оралмаған солдаттар

  • 0
  • 0

Басыңды ій, ұлым, алда зират бар,
Бір кездегі қамал болған қыраттар.
Жатыр мұнда біздер үшін жан қиған,
Туған елге оралмаған солдаттар.

Толық

Қарап көріңіз