Өлең, жыр, ақындар

Есентемір ата үні

  • 08.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1056
Тамыр тартып тарихыңнан тереңнен,
Қуат беріп махаббатқа бөлеген.
Ата мекен әркімге де тым ыстық,
Алға тартқан өмір атты кемемен.
Сен сүрінсей өз анаңдай жаны ашып,
Қолтығыңнан сүйеніш боп демеген.
Ол жаныңның бейне Мысыр шаһары,
Құшағында айта аласың шатты әнді.
Оның бөлек боз жусанды даласы,
Тым ерекше шуақ төккен ақ таңы.
Бозторғайлар шырқағанда төрінде,
Жырға айналар сағыныштың мақамы.
Отаныңның ырыс толы бөлшегі,
Оған жетпес махаббаттың өлшемі.
Егіз біткен кіндігіңе байланып,
Жетелейді ізгілікке ол сені.
Абыройын қадір тұтып қастерлеп,
Ұлттық сана танымымен біл соны!
Өз анаңдай түн ұйқысын төрт бөліп,
Күн бесікте мейір төгіп тербетіп.
Аямастан бар жылуды бойыңа,
Құйып берген сен өссін-деп, ержетіп!
Айналған бір үлкен ауыл қосынға,
Бабалардың зираты да осында.
Сен олардың аманатын ту қылып,
Кір шалдырмай абыроймен таза ұста.
Біздер жатқан Байтақ атты осы жер,
Дауысымыз самал желмен естілер.
Тән өлгенмен жан өлмейді құлыным,
Туған жерден күдер үзбес намысты ер!
Қуат берер бірлігімен халқыңа,
Түрікшілдік қасиетіңнен жаңылма.
Бар болашақ сонда жатыр жарқыным,
Көк Бөрінің болсын Рухы қаныңда!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сан ғасырлар еркіндікке күрескен

  • 0
  • 0

Сан ғасырлар еркіндікке күрескен,
Қилы-қилы тағдыры бар мұң кешкен.
Менің сүйген қасиетті Отаным,
Әуел бастан ерлікпенен бірге өскен.

Толық

Бекпенбет би ата үні

  • 0
  • 1

Ақтау үшін бабалардың сенімін,
Татулықтан іздеп өмір серігін,
Ұрпағыңа бірлікті айтып сөз қалдыр,
Берекенің қанып ішсін мөлдірін.

Толық

Қасым ақын зираты басында

  • 0
  • 0

Бас иген Бауыржандай батырың да,
Жырлайтын ақ береңдей ақының да.
Өр жырын кейінгіге мұра қылған,
Қасымы Аманжолдың жатыр мұнда.

Толық

Қарап көріңіз