Өлең, жыр, ақындар

Абай бабам

  • 07.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1103
Абай бабам! Киелі пірім менің,
Адамзатқа нұр төккен күнім бе едің?!
Шуағыңды ала бұлт тұмшаласа
Боз торғайдай мұз кешкен дірілдедім.
Сен де қуат, ойшылым, данышпаным,
Мыңмен жалғыз ел үшін алысқаным
Құлақ салып, әр сөзің әр үніңе
Қайрат қылып, бойыма таныстадым.
Бодандыкқа шырмалып сенім кеме,
Мұңға батып, шер жұтып сөгілгенде
Шырақ жағып, жалынды ақ сәулесін,
Өшпесін-деп, құйғансың жүрегіме!
Қолыма алып,сиқырлы жыр қаламды,
Әнге қосып, тоналған кең даламды.
Іштей өксіп, қараңғы күн кешкенде,
Сол сәулеңмен емдедім жан-жарамды.
Абай бабам! Кемеңгер құдіреттім,
Даналықпен сезім сыр күйін төктің.
Оянсын-деп, қазағым қалың жұртым,
Ақ өлеңмен, асыл сөз құйып өттің.
Баға жетпес, мол мұраң қайнарынңан,
Жан сусынын қандырып ой дарыған,
Жеткіншегің жырыңмен қамал бұзып,
Желтоқсанда жалауға айналдырған!
Бастан кешкен тағдырдың сұм сынағын,
Ата жұрттың лаулатып сан шырағын.
Азаттықтың жолына сәуле төгіп,
Рухыңмен жебедің шамшырағым!
Бұлтын сылып, кеудемнен азабымның,
Құлағымда тербеткен ғажап үнің
Сендей Ұлы ұл туып, әлдилеген,
Маңдайының бағы бар қазағымның.
Абай бабам! Мерейім! Мақтанышым,
Теңіз жырым, дөңбекшіп ақтарылсын.
Сен бар жерде, Қазақ бар тілін сүйіп,
Рухыңнан нәр алып тапқан күшін!
Ғасырлармен бір жасап, тыным алмай,
Арайлы таң шуақты шұғыладай.
Ұрпағыңа ой тастап, ақ жол айтып,
Арасында халқымның жүрсің Абай!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жезді

  • 0
  • 0

Доңыз тауға барар жолда Бейнеуден,
Омырауына ғасырлардан күй өрген..
Жезді жатыр көне Жібек сүрлеуде,
Сырлар қанша біздер әлі білмеген.

Толық

Қара нар

  • 0
  • 0

Ассалаумалейкум!
Мұнайдан өскен киелім,
Кеудемдегі күмбірлеген күй ме едің,
Сәлемдерін қарттарымның арқалап,

Толық

Батырлар рухына тағзым!

  • 0
  • 1

Қан майданнан оралмаған,
Елестетіп солдаттарды.
Жеңіс күні досым маған,
Тебіренте сыр ақтарды.

Толық

Қарап көріңіз